Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1136

Қараша айында Павлодар машина жасау колледжінде жаңа жиынның барлық топтарында топтағы әр оқушының орындарын анықтау мақсатында «Топтың кемесі» ойыны түрінде бейімделушілік тренингін өткізілді.

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2016, 11:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1945

2016 жылы қарашада жасөспірімдерге адам денсаулығына темекі шегудің жойқын әсері туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану, өзіне және қоршаған ортаға саналы және жауапты қарым-қатынасты енгізу үшін Машина жасау колледжінде темекі шегуден дүниежүзілік бас тартуға арналған онкүндік өткізілді.

 

 

КВН ойыны түрінде «Темекі шегу – денсаулыққа зиян!» іс-шарасы ТМ 16-9-1т. оқушыларының «Паприка» және ЛП 16-9-1т. оқушыларының «ОБА-НА» командаларының арасында өткізілді.    

 

Онкүндік аясында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда» тақырыбында семинар-тренингін өткіздік. Оқушылардың бойында негізгі дағдыларды, өз ұстамдары мен әлеуметтік орта қысымына психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында оқушылар «Мен жоқ деп айтатынымды білемін» жаттығуын орындады, онда балалар темекі тартуға ұсыныс білдіруден бас тартудың әр түрлі формаларын ұсынды.

 

Темекі шегудің алдын алу жөніндегі плакаттар байқауында жетекші орындарды ТМ 16-9-1, ЭЭЖ 16-11-1, ЭЭЖ 16-9-1 топтары алды.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-11-2016, 13:04, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1283

2016 жылы 22 қарашада Павлодар машина жасау колледжінде «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі қауіп-қатеріне қарсы тұру» тақырыбында семинар өткізілді.  Семинарға қоғамдық пәндер оқытушылары, 1 курстың сынып жетекшілері және 1 курстын 75 оқушысы қатысты. Семинардың жұмысы Павлодар облысының діндер ісі жөніндегі Басқарманың діниаралық қарым-қатынасты дамыту орталығының қатысуымен өтті.

Жаңалық қосты admin1, 10-11-2016, 13:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1353

2016 жылы 26 қазан және 10 қараша айларының аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында жас ұрпақтың ұлтжандылық сезімдерін арттыру, шығырмашылық қабілеттерін шыңдау мен қызығушылықтарын жетілдіру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, еліміздің тарихын болашақ ұрпақ арқылы үгіттейтін жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткіздік: колледждің ЖК-сы Қазақстан тарихын оқушылардың  қаншалықты білетіні туралы сауалнама өткізді, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Сонымен қатар тарих білгірі байқауын өткіздік, нәтижесінде 2 курстың студенті Жапаров Ильяс үздік білгір атағын иеленді. 1 және 2 курстың 6 тобы ҚР Ән-ұранын орындау байқауына қатысты.

 

Жаңалық қосты admin1, 9-11-2016, 13:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1274

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында 9 қарашада «Болашағымыз бірлікте» атты мұражай сабағын өткіздік. Сабақты өткізуге Бұхар Жырау атындағы мұражайдың қызметкерлерін шақырдық. Іс-шара ҚР Ән-ұранын орындаумен басталды. Музыкалық композицияда 1991 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі Тәуелсіз Республиканың жаңалығы көрсетілді. Бейне фильмдер көрсетіліп, ұлтжандылық әндер орындалды. 1 және 2 курстың оқушылары тыңдармандар болды. 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 3-11-2016, 12:21, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1397

3 қарашада СӨС бағдарламасының аясында және Павлодар облысының жастар ұйымы мен балалар Қауымдастығын жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мен қолдау мақсатында семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында беинероликтер көрсетіліп, лекториялар мен тренингтер өткізілді.

   

Жаңалық қосты admin1, 28-10-2016, 17:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1401

Колледждің ұлдар мен қыздар командасы  ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған тоғыз-құмалақтан колледждер арасында өткізілген 2 лиганың облыстық XXVI спартакиадасына қатысты және жарысқа қатысқан облыстың 12 колледжінің арасынан құрметті 1-ші орынға ие болды. Ұлдар командасының құрамына: ЛП 15-9-1 тобынан Өмірзақов Мирас пен ТМ 14-11-1 тобынан Шайхимов Нұрслан, қыздар командасының құрамына: ЛП 13-9-1 тобынан Жамалиденова Гүлмира мен ЛП 15-9-1 тобынан Мұратова Айымгүл кірді. Студенттер грамоталармен және медальдармен және сонымен қатар ұлдар мен қыздар командасы командалық есепте 1 орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 28-10-2016, 11:50, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1351

2016 жылы 27 - 28 қазан аралығында коллед оқушылары мен ата-аналарға арналған құқықтық жаппай оқуды өткіздік.

27 қазанда учаскелік инспектор мен шағын ауданның еңбек ардагерлерінің қатысуымен полиция подполковнигі, ЮПУ-дің аға учаскелігі Жакин Ерлан Зейкенұлы Әкімшілік кодексті түсіндіру бойынша сөз сөйледі.

Баяндаманы Павлодар қ. ІІБ ЖПҚ СПО инспекторы Р.М. Рахматуллин толықтырды.

Шара соңында шағын ауданның қоғамдық кеңес төрайымы Е.Ф. Динченко сөз сөйлеп, қатысушыларды ҚР заңдары мен қаланың тазалығын сақтауға шақырды.

 

2016 жылы 28 қазанда колледжге бекітілгін учаскелік инспектор, полиция майоры Ж.В. Бажаевтың қатысуымен «Жасөспірімдердің колледждегі, отбасындағы, қоғамдық орындардағы өздерінің іс-әрекеттеріне жауапкершілігі мен мәдени мінез-құлықтарын қалыптастыру» тақырыбында ата-аналар лекториясын өткіздік. Сонымен қатар дәрігер-нарколог В.А. Чебатарев «Нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу» тақырыбында және колледждің психологы Г.Қ. Ахметова «1 курс оқушыларының бейімделушілігі» тақырыбында сөз сөйледі. колледж директоры атан-аналарды колледждің Жарғысымен, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Ақышева оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы жұмысбастылығымен, колледждің дәстүрлерімен таныстырды.

Жаңалық қосты admin1, 27-10-2016, 17:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1304

2016 27 қазанда студенттердің белсенді шығармашылық өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, таңдаған мамандықтарының маңыздылығын сезіндіру, бірінші курстарды колледждің дәстүріне жақындату мақсатында Студенттерге арнау күнін өткіздік. ТМ-15-9-1 және ТОРА -14-9-1 топтарының студенттері қызықты бағдарлама дайындады. Колледж директоры Қ.А. Қаирбаев оқушыларды студент қатарына кірулерімен құтықтады. 

 

Жаңалық қосты admin1, 27-10-2016, 09:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1223

2016 жылы 24 қазанда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы әйгілеу мақсатында Павлодар машина жасау колледжінде спорт жөніндегі әдіскер А.Қ. Кожиков оқушыларға қысқы Универсиада туралы айтып, колледждің фойесінде таңғы жаттығу өткізді. Іс-шараға колледждің 200-ден астам оқушысы қатысты.