Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Іс-шаралар Менің Қазақстаным – менің болашағым
Жаңалық қосты admin1, 13-04-2016, 11:53, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1321

2016 жылы 13 сәуірде ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығын мерекелеу аясында, ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге жағдай жасау және қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасын құрметтеу әрі қызығушылық таныттыру мақсатында «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты конференция өткізілді. Конференцияны ТМ 14-9-1 тобының сынып жетекшісі Г.Қ. Ахметова ұйымдастырды.

 

«Бейбітшілік және келісім – Қазақстанның таңдауы» тақырыбымен Жүнісова Саида, «Қазақстанның мәдени мұрасы» тақырыбымен Хамитова Жұлдыз, «Мемлекеттік рәміздер – халықтың мақтанышы» тақырыбымен Сәдуақасова Әсем, «Менің Қазақстаным, астанам менің болашағым» тақырыбымен Бойченко Полина, «Ұлттық валюта – бәсекеге қабілетті Қазақстанның басты белгісі» тақырыбымен Қаирханов Әсет баяндамамен сөз сөйледі. Баяндамашылар Қазақстанда бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімшілікте жүзден астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп жатқандығын, оларды ортақ – Біз Қазақстан халқы біріктіретінімізді айтып өтті. Конференция соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Менің Қазақстаным – менің болашағым