"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында
Жаңалық қосты admin1, 18-12-2015, 17:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1489

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында оқушылардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, азаматтылық белсенділікті сіңдіру, шығармашылық айлау қабілеттерін дамыту мақсатында 2015 жылы 10 желтоқсанда колледжде «Тәуелсіздіктің ақ таңы» конференциясы болып өтті. Модератор топ ЭЭЖ-12-9-1.

 

Сонымен қатар кітапханада «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» көрмесі дайындалды, 2 желтоқсанда «Менің Қазақстаным – менің елім» викторинасы, «ҚР мемлекеттік рәміздері бойынша үздік бұрыш пен стендтер дайындау» компьютерлік-графикалық жұмыс байқаулары, «Менің үйім. Менің тағдырым. Менің Қазақстаным», «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт», «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» сынып сағаттары, 10.12.2015ж. мемлекеттік тілде білім алатын топтардың оқушылары қатысқан «Тәуелсіздіктің ақ таңы» конференциясы өткізілді.

 

12.12.15. 6 оқушыдан құралған команда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарысқа қатысты.

15.12.15. колледж ұжымына және оқушыларға арналған «Қазақстан – сүйікті елім» концерттік бағдарламасын ұйымдастырдық.

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында