"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар Қараша 2014ж.
Жаңалық қосты admin1, 27-01-2015, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1338

2014 жыл 6 қарашада Павлодар қаласында колледждер арасында үстел теннисінен 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 6-шы орынды иеленді.

Бірінші Президент күнін мерекелеу аясында, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу, азаматтық көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың туған елінің тарихына деген танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді: Колледждің кітапханасында «Н.Назарбаев – ҚР-дің Бірінші Президенті» атты көрме ұйымдастырылды.

2014 жылы 11-18 қараша аралығында Бірінші Президент күні мен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған интеллектуалдық марафон өткізілді, оған 100-ден астам оқушы қатысты. Барлық курстарда бейне фильмдер көрсетіліп, сынып «Президентпен бірге мықты Қазақстан үшін», «Тәуелсіз мемлекеттің бірінші президенті», «Елді құрған көшбасшы», «1-ші желтоқсан – ҚР Бірінші Президент күні» атты сағаттары өткізілді.  

2014 жылы 21-ші қарашада колледждің 10 оқушысы «Жас Отан» ЖҚ-сы ұйымдастыруымен Достық үйінде өткізілген мемлекет басшысының курстасы Әбуов Рымбек Шаханұлынмен кездесуге қатысты.

2014 жылы 26-ші қарашада колледждің 2 тобы ҚР-дің Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналып С. Торайғыров атындағы кітапханада өткізілген көрмеге қатысты. 

2014 жылы 24-ші қазанда «Жастар бастамасын дамыту орталығы» ҚМБ-да жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасы облыстық «Жастар көзімен жабыраңқы кезең» фестивалін өткізді. Фестивальға ТМ 13-9-2 тобының студенті Саваровская Алена қатысып, «ГРАФИКА» номинациясы бойынша жүлделі 3-ші орынға ие болды. 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Қараша 2014ж.