"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар Қазан 2014ж.
Жаңалық қосты admin1, 27-11-2014, 11:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1342

2014 жылы 1-ші қазанда «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы А. Саваровскаяның басшылығымен жастар комитеті Қарттар күніне орай оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, үлкендерге құрметпен қарау  мақсатында 1-ші курс оқушыларының еңбек ардагері, алғашқы тың игерушілердің бірі  С.Т. Смағұловпен кездесуін ұйымдастырды.

2014 жылы 3-ші қазанда Ұстаздар күніне орай колледждегі ТМ 13-9-1 және ТМ 14-11-1 топтарының оқушыларының күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бағдарлама өте қызықты әрі әр түрлі жанрда болды. Сонымен қатар Жастар комитеті өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды.

2014 жылы 7-ші қазанда қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, ҚР рәміздеріне құрметпен қарау мақсатында 1-ші курс оқушыларының арасында қоғамдық пәндер оқытушысы З.Ж. Ахметованың ұйымдастыруымен «ҚР рәміздері» блиц турнирі өткізілді. Жарыста 1-ші орынды ТОРА 14-9-1 тобы иеленді. Құттықтаймыз!

2014 жылы 24-ші қазанда ГЮП инспекторы, полиция капитаны Ж.А. Тургульдиновтың, «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» дәрісімен В.А. Чебатаревтың, «Нашақорлықтың алдын алу мен оны ерте кезден анықтаудағы ата-аналардың рөлі» дәрісімен колледж психологының қатысуымен жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өткізілді. Колледж психологы тренинг өткізіп, отбасындағы сәтсіздік пен жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы айтып өтті. Жиналыстың соңында ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап бердік.

 

Павлодар қаласының мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі тілдерді енгізу мен дамыту бағдарламасының аясында 2014 жылы 29-шы қазанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында қалалық «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» байқауын өткізді. Байқауға 2 курстағы ТМ 14-11-1 тобының студенті Сағындық Кәкім қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды әрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Қазан 2014ж.