"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар, Жастар саясаты ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында
Жаңалық қосты admin1, 29-01-2016, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1498

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, тұрақты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет жөнінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді:

2016 жылы 26 қаңтарда Бұхар Жырау мұражайының қызметкерлерін шақырумен «Еркіндік пен ар-намыс белгілері» тақырыбында мұражай сабағы өткізілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихы туралы айтылып, бейнефильмдер көрсетілді және халық әндері орындалды. Іс-шара қызықты өтіп, оқушылар өздеріне қажетті көптеген қызықты материалдарды алды.

 

2016 жылы 28 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің абыройлы және ұлы Қазақстан» атты ұлтжандылық акция – концерті өткізілді. Бұл іс-шара қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа, Отанымызды мақтан тұтуға тәрбиелеуге, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған. Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

 

2016ж. 29 қаңтарда П. Васильев атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт» тақырыбында кітапхана сабағын өткіздік, онда кітапхана қызметкерлері ҚР рәміздері туралы атты.

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында