|
| | РУС |
|
Соғыстың сұрапыл жылдары – блокаданың қиын жылдары. Сұрапыл соғыстың және ұмытылмас қиын күндердің аяқталғанына 70 жыл болды. Уақыт өтіп, жан жарасы жазылды. Өртенген қалалар ғайып болып, жаңа ұрпақтар өсіп-жетілді. Бірақ та, адамзаттың есінде 1941 жылдың 22 маусымы тек қатерлі күн емес, сонымен қатар ұзақ 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы есебінің басталғаны ретінде есінде қалды. Павлодар машина жасау колледжінде жеңістің 70 – жылдығына арналған іс-шара аясында оқушылардың туған еліміздің және оның халқының жасаған ерліктерін мақтан тұтуына, еліміздің тарихы мен оның батырларына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ерлік сабағы өткізілді. «Киелі соғыс» әнінің сүйемелдеуімен жүргізушілер ленинградтықтардың тоғыз жүз күн от қоршауында, аяусыз аштықтың қыспағында үш қыс отынсыз, сусыз, электр жарығынсыз, жаудың үздіксіз оқ атқылауына қалай төтеп бергендігін айтты. Оқушылар ленинградтық қыз Таня Савичеваның жазбаларын тыңдап, бейне фильмдерді көрді, ленинградтықтардың естеліктерін, қазақ халқының ақыны Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім!» өлеңін тыңдады әрі «Өмір жолы» туралы айтылды. Осы сабақ арқылы оқушылар қандай қиын-қыстау жолмен бейбіт өмірге қол жеткендігін білді.
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Мамыр 2015
|