Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Колледж тарихы Колледж тарихы
Жаңалық қосты admin1, 1-10-2020, 08:38, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2355

«Өзен бұлақтан басталады» дегендей біздің колледждің де өз бастауы бар. Ол – Рубцов машина жасау техникумы. КСРО Трактор және ауылшаруашылығы машиналарын жасау министрлігінің 1969 жылғы 1 тамыздағы № 206 бұйрығында «Трактор және ауылшаруашылығы машиналарын жасау саласы үшін орта білікті мамандар дайындауды кеңейту мақсатында Павлодар трактор жасау зауытының 1969 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар трактор жасау зауытының жанынан Рубцов машина жасау техникумының филиалын ұйымдастыру жөніндегі ұсынысы қабылдансын» делінген. Осылайша Павлодар трактор жасау зауытының жанынан филиал ашу туралы алғашқы ресми құжат пайда болды, бірақ филиал 1968 жылы жұмыс істей бастаған болатын. Филиалдың алғашқы басшысы Денисенко Луиза Павловна болды. 1970 жылдан бастап филиалды Яковенко Иван Иванович басқарды. Сол кездермен байланысты құжаттар (бұйрықтар, фотосуреттер мен өмірбаяндар) колледждің мұражайында сақтаулы.

1974 жылғы 13 шілдеде КСРО Трактор және ауылшаруашылығы машиналарын жасау министрлігінің «Рубцов машина жасау техникумын Павлодар машина жасау кешкі техникумына қайта құру туралы» № 229 бұйрығы шықты, директор болып Яковенко Иван Иванович тағайындалды.

1977 – 2003 жылдар аралығында техникумды Сальников Николай Георгиевич басқарды.

alt

Техникумның негізгі қызметтері бойынша бұйрықтары негізінде «Павлодар машина жасау кешкі техникумы» «Павлодар машина жасау техникумы» болып қайта аталды. 1996 жылғы 1 ақпандағы Павлодар машина жасау техникумының бұйрығымен Павлодар машина жасау колледжі болып өзгертілді.

2003 – 2006 жылдары Қайрат Теміржанұлы Смағұлов басқарды.

alt

2006 жылдан бері Қайрат Әйткенұлы Қайырбаев басқарып келеді.

Мұражайымыздың қорында сақталған құжаттарда біздің колледждің өрендеу кезеңдері туралы осылай көрсетілген. Мұражайда ресми құжаттардан басқа экспонат ретінде тағы нелер сақталған? Кімдер және нелер жайында естеліктер сақтап қалғымыз келеді? Келешек ұрпақтың рухани дамуы үшін қандай материалдар қажет?

Осындай сұрақтарға біз, ең алдымен, техникумның (колледждің) өсіп-өрендеуіне зор үлестерін қосқан, 20, 30, тіпті 40 жыл бойы аянбай еңбек еткен ұстаздарды, соның ішінде техникумды (колледжді) ширек ғасыр бойы басқарған Сальников Николай Георгиевичті, директордың оқу ісі жөніндегі бірінші орынбасары Редько Иван Федоровичті, 1968 жылдан бастаған алғашқы ұстаздар – Омарова Мәрияш Ақатқызын, Сафронов Геннадий Григорьевичті, Букалова Екатерина Ильиничнаны, Персиц Галина Павловнаны, солармен бірге Пронькина Зоя Петровнаны, Красиловец Тамара Львовнаны, Асосуова Таисия Александровнаны, Русских Евгения Анисимовнаны, Мезенцева Валентина Сергеевнаны және көптеген басқа да ұстаздарды зор мақтанышпен атап өтер едік.

Колледждің өркендеуіне өздерінің елеулі үлестерін қосқан нағыз еңбек ардагерлері туралы ақпараттарды мұражайдың материалдарынан көруге болады. Кез келген оқу орыны шығармашылық жолында аянбай еңбек еткен, немесе еңбек етіп жүрген өздерінің ұстаздарымен, қызметшілерімен ғана емес белсенді және оқуда озат, өздерінің жеке бастарының көрсеткіштерін ғана ойламай колледждің беделін көтерген, немесе көтеріп жүрген оқушыларын да мақтан тұтады. Олардың кейбіреулері туралы біз әңгімелеп бермекпіз.

2001 жыл... Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағанына 10 жыл болды. Колледжіміздің оқушысы Оля Ревина облыстық шығармалар сайысында І жүлделі орынға ие болды.  Оның «Казахстан – моя духовная родина»  тақырыбына жазылған шығармасы, Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған Президенттік үздік шығармалар жинағына енді. Бұл жинақ экспонат ретінде мұражайда тұр.

2003 жылы колледж  6 мамандық бойынша маман иегерлерін даярлайды.  Облыстық олимпиада - оқушылардың берік білімдерін ғана емес, онымен қоса батылдықты талап етеді. Бұл олимпиадада білім мен батылдығын дәлелдегендер: орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Федоров Семен 1- орын, Қазақстан тарихы пәнінен Салыбаева Айнұр 3- орын жеңімпаздары атанды. Сол жылы «Қазақстан   Республикасы тарихын білгірлері» атты облыстық сайысында Салыбаева Айнұр 3- жүлделі орын иеленді.  Қазақ әдебиетінен облыстық олимпиадада Федоров Семен мен Қалымова Қарина «Ғашықтар диалогын» оқып, комиссия мүшелерінің пікірі бойынша ең үздік деп атанған.

2005 жылдың олимпиадасы. Екі жүлделі орынға иеміз: ТМ 03-9-1 тобының оқушылары Люба Макагон техникалық механикадан (оқытушысы Денисова Е.В.) 3- орын және Мүбаракова Айгүл орыс тілі мен әдебиетінен 1- орынға ие болды. Сол 2005 жылы Айгүл жас ақын ретінде, Павел Васильев атындағы облыстық әдебиет бірлестігінің мүшесі болып қабылданды. 2005 жылдың қазан айында Сергей Есениннің 110 жылдығына орай облыстық ән сайысында,  біздің дуэт Виктор Ботов (МЭП05-9-1тобы) және Михаил Сербин (СТР05-9-1тобы) ақынның «Заметался пожар голубой» атты шығармасын әнге салып орындағандары үшін жүлделі 1-орын жеңімпаздары атанды.

2005 жыл жеңістерге бай: ТОРА 02-9-1 тобының оқушысы Большаков Андрей «Лучший по профессии» атты сайысына қатысып 5-орын алды. Сол жылы Андрейдің есімі «ҚР үздік оқушылары» кітабына жазылды.  Көп жылдар бойы Андрей ҚР рэгби командасының мүшесі болды.

2006жыл... 2 жаңа мамандық ашылды: «Қара және түсті металдарды құю өндірісі», «Машина жасау кәсіпорындарының құрал-жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету». «Жыл мұғалімі» атты сайысында маиематика пәнінің оқытушысы Кочегарова В.А. «Педагог –новатор» номинациясында жеңіп шықты.  Сол жылы «Махаббат жыры» атты сайысында  Смагұлова Аяжан (ПО 05-9-1 тобы) 2- жүлделі орын, ал Тұрғанбеков Қайрат 3-орынға ие болды. 2007 жылы  облыстық  үздік оқытушылар сайысында Баймағамбетова Мәншүк Қалықовна «Педагог –новатор» номинациясында жеңімпазы атанып, 5-орынға ие болды.  Сол жылы облыстық Павел Васильев оқуларында  «Ақсерке»  шығармасын сахналап, жүлделі 1-орныға ие болды.  2008 жылдың мамыр айында Шәкәрімнің 150 жылдығына арналған Оралхан Бөкеев оқуларында  ЛП 07-9-1 тобының оқушысы Сағиев Тоқтар жүлделі 3-орынға ие болды.  Астана қаласының 10-жылдығана арналған облыстық шығармалар сайысында Элимханова Маргарита   жүлделі 1-орынды иеленді.

Барлық бұқара халық тыныштықты тілейді, бейбітшілік пен татулықты қалайды. Бұған біз соғыс жылдарын көрген, үлкен күйзелістен өткен адамдардан үйрендік. 2006 жылы Павлодардың жазушысы Бекболат Қадырдың «Черный тюльпан»  атты кітабы жарық көрді.

Бұл кітап – естелік Ауған соғысында қыршын кеткен біздің жерлестеріміз туралы. Осы кітаптың арасында біздің 1986 жылы бітіріп кеткен түлектеріміз – Саша Сергиенко мен Сергей Марченко туралы сөз бар. Қайсарлық пен ержүректілік, адамның рухын күшейтетін, Оның Отанға деген сүйіспеншілігін білдіретін осы жағдайлар адамдар арасындағы сүйіспеншілікті нығайтады. Осы жағдайлар Саша Сергиенко туралы әңгімелерді мұражай экспонаты болуға себеп етті. Тарих беттерінуақыт аяусыз ақтарғандықтан көптеген уақиғалар тұманданып, өте бастаған. Бірақ та, уақытпен санаспайтын дүниелер де болады. 1941-1945 жылдар халықтың санасында үнемі қалады. Ойлаңыздаршы, біздің ХХІ ғасырдағы мұражайларды баяғыда өткен оқиғалармен не байланыстыруы мүмкін? Демек, бізге және біздің оқушыларымызға айтатын және үнемі жадымызда ұстап, сақтайтын нәрселер бар. Ең алғашқы техникум оқытушыларының бірі, математика пәнінің оқытушысы Михаил Петрович Корченков болды. Ол кісі өз пәнін жанындай сүйген. Әзіл-сықақты түсінетін, үлкен өмірлік тәжірибесі бар адам болған. Ең бастысы бұл адам жас бала күнінде Беларусь ормандарындағы партизан отрядтарына қашып барып, олармен соғысқ қатысқан. Сондай-ақ соғысқа қатысқандар арасында оқытушылар: И.И. Яковенко мен В.Ф. Медведевте болған.

Осы техникумда көптеген жылдар бойы вахтер болып жұмыс істеген Е.Г. Андреева кішкене ғана нәзік адам болған. Сонысынақарамай қандай күшті, қандай рухты жан болған. Осы нәзік жанды адам «Өмір жолы» атанған Ладога көлімен блокадалы Ленинградқа жүк тасыған, машиналармен су астына кеткен жолдастары, сол уақыттағы аспанда құзғындай шүйілген неміс мессерлері, өмірі оның көз алдынан кете ме? Ия бұл мәңгі есте қалатын жағдайлар?! Бірақ соғыс – бұл тек қана минаның шуылы емес, бомбаның жарылуы емес, снарядтың дүрсілі ғана емес..... Төрт жылғы соғыс – бұл төрт жылғы өмір: қиындықтарды жеңу, қайғы, қамқорлық көрсету..... Сондай-ақ 4 жылғы махаббат. Зеңбіректер дүрсілдеп атып жатқанда да махаббат үні өшкен жоқ. Отбасына деген сағыныш, сүйіктісіне деген сағынышының соншалықты зор болғаны сондай, майданда жүрсе де өз сүйіктісін күнде естігендей жағдайда болды. «Жди меня» - атты әдеби-музыкалық композиция 2002 жылдың 25-ші сәуірінде 2-ші орынға ие болды.

Әрбір оқу орынында спорттың алатын орны ерекше. Колледж мұражайында өткен ғасырдың 70-жылдарынан сақталған мадақтама қағаздары, дипломдар, кубоктар осыған куә. Ол кезде техникумда дене шынықтыру пәнінен сабақ берген Н.И. Головачев. Сол 70-80 жылдары техникумда 7 спорт шебері, 13 шеберлікке кандидаттар болған. Көптеген оқушылар түрлі спорт түрлерінен 1-ші спорттық разрядқа ие болған. Осы спорт шеберлерінің ең биігінде болған Ворона Дмитрий, оның спорттың пауэрлифтинг түрінен халықаралық спорт шебері болғандығы, 2000-2001 жылдары жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болғаны мақтанарлық жағдай. Сондай-ақ ол 2002 жылы әлемнің күміс жүлдегері, 2002-2003 жылдары Азия чемпионы атанған. ҚР-дің бірнеше дүркін рекордсмені болған. Спорттың болашағы мен бүгінгісіне көңіл толарлық, оған дәлел: Өмірбаев Ринат, Кузнецов Виктор, Қожығапаров Нұржан, Қасқырбаев Әспеттердің көрсеткіштері дәлел. Осы оқушылар және тағы да көптеген оқушылардың көрсеткіштері колледждің мақтанышына айналып отыр.

Қаланың белгілі адамдарымен болған кездесулер де колледж өмірінде өз ізін қалдырған. Мұражайда сондай-ақ Павел Васильевтің поэзия альбомдары сақталған. Бұл альбомдарды кезінде техникумға кездесуге шақырылған Поликарпов Виктор Федорович сыйлаған.

2006 жылы Н.Г. Шафердің мұражай үйінде өткен кездесуде осы Павел Васильевтің сөзіне жазылған әнді композитор А.К. Амосов орындаған.     

Түлектер туралы әңгіме бір бөлек. Олар қаламыздың, облыстың және одан тысқары жерлерде әр түрлі салаларда жұмыс істеуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ: Смағұлов Қайрат Теміржанұлы машина жасау техникумын бітіргеннен кейін өз білімін Павлодар педагогикалық институтында жалғастырып, бірнеше жыл мектепте физика және математика пәндерінің мұғалімі болып, одан соң мектеп директоры, Павлодар облысы білім беру Департаментінде бөлім бастығықызметтерін атқарды. 2003-2006ж.ж. аралығында біздің колледждің директоры болды. Жуков Владимир Иванович «Казэнергокабель» АҚ-ның бас директоры. Максим Абрамсон заңгерлік контораны басқарады. «Рубиком» ЖШС-ның бас директоры Руф Вячеслав Андреевич 1990-шы жылғы біздің түлек.

Бұл біздің түлектердің өмірінен алынған бірнеше мысалдар ғана.

2009 жыл – Республикалық «Әзіл кино» атты кинофильмдерді дыбыстау фестивальінде колледж командасы 2-ші орын, облыстық «Жастар мен қала мәселелері» байқауында колледж командасы 2-ші орын, КВН фестивальінде 3-ші орын алды.

2010 жылдан бастап колледжде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде әрі колледждің pmk-kolledg.edu.kz сайты құрылып, колледж оқытушылары электрондық оқулықтар дайындауда.

2010-2011 оқу жылында колледжде СҒҚ – Студенттік ғылыми қоғамы құрылды, бұл ғылыми жұмысқа 16 оқушы және 12 оқытушы қатысты. СҒҚ аясында 2011ж. ақпан айында колледжде бірінші ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, оған 12 оқушы қатысты.

Колледж әдіскері облыстық БАИ ПК жанындағы кәсіптік лицейлер мен колледждер арасында өткен облыстық «Үздік әдістемелік қызмет» байқауына қатысып 5-ші орын сертификатымен марапатталды.

2011 жылдың қыркүйек айында арнайы пәндер оқытушысы Ж.Е. Нұрахметова Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында техникалық және кәсіптік білім беретін Республикалық жастар қауымдастығын құру мәселесі бойынша «ҰӘО ТжКО және біліктілікті тағайындау» РМК басшылығымен Астана қаласында жас ғалымдар, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар қатысқан дөңгелек үстел кеңесіне қатысты. Жанат Ерсайынқызы осы жастар ұйымының төрайымы болып сайланды.

2011 жылы қазан айында колледж базасында тәжірибе алмасу және серіктестік құру мақсатында «Қазақстан мен Ресей колледждерінің кездесуі мен серіктестігі» (Барнауыл құрылыс колледжі) дөңгелек үстел өткізілді.

2011 жылы қараша айында колледж базасында «Халықаралық стандарттар бойынша жұмысшы кадрлары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұған «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-ның қызметкрлері, колледж ардагерлері (Мезенцева В.С., Пронькина З.П.), әкімшілік, колледж оқытушыларымен бітіруші топтардың оқушылары қатысты.

Осы жылы колледждің  «Генератор» командасы (ТМ 10-9-1 тобының оқушылары В. Филиппов пен Е. Соколы) оқытушылар В.В. Сныткин мен Қ.Қ. Смекенованың жетекшілігімен «Арнайы қамсыздандыру және логистика бойынша менеджер» авторлық жобасымен облыстық, одан соң республикалық «Үздік кәсіпкер» байқауында 1-ші орын алды.

2012 жылы наурыз айында кәсіби қазақ тьілі бойынша облыстық олимпиадада колледж оқушысы Данкин Арман 2-ші орын, ал информатика пәні бойынша облыстық олимпиадада Ожигихин Никита 3-ші орын алды.

2012 жылы мамыр айында Қызылорда қаласында «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға!» атты Кеңес Одағының батыры М. Маметованың 90-жылдығына арналған Республикалық әскери-ұлтжандылық форум аясында өткізілген Әскери-оқу жарыстарына Павлодар облысының командасы құрамында МЭП 08-9-1 тобының студенті Аукенов Азамат қатысып, команда 2-ші орын алды.

2012 жылы маусымда «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ-ның базасында зауыт қызметкерлері, аймақтық ТжКО жастар ұйымы қауымдастығының төрайымы, машина жасау колледжінің түлектер, оқу мекемелерінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің қатысуымен «Кәсіби білім беру мен бизнес: Серіктестіктер сұхбаты» форумы болып өтті.

«ПМЗ» АҚ әкімшілігі машина жасау колледжі директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.С. Иманкуловаға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, болашақ машина жасаушыларды дайындауға қосқан үлесі үшін алғыс хатты табыс етті. Форум аясында серіктестік туралы жаңа келісім-шарттарға қол қойылды.

2012 жылы қараша айында біздің колледж Ақпараттық технологиялар базасында өткізілген облыстық «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» байқауына қатысты, «Оқу үрдісін мультимедиялық қаммсыздандыру» номинациясы бойынша арнайы пән оқытушысы В.В. Сныткин құрметті 3-ші орынды иеленді, сонымен қатар «Ұйымның Web-сайты» номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болдық.

3-ші облыстық «Павлодар аймағының экологиялық проблемалары және оны шешу жолдары» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына химия пәнінің оқытушысы Ж.Т. Кульшманованың басшылығымен ТМ 10-9-1 тобының студенттері В. Филиппов пен Е. Соколы қатысып, 2-ші орын алғандығын айтып өту қажет.

2013 жылы ММ «Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы», ОЖБ «Павлодар облысының Қазақстан Альянс студенттері» өткізген студент жастарының арасындағы облыстық «ACTIVEGENERATION-2013» әлеуметтік жобалар байқауында студенттер В. Филиппов пен Е. Соколы, СТР 12-11-2 тобының студенті Лекеров Ерболат іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Ауаны тазалаудың тиімді әдістері» жобасымен   байқаудың жүлдегерлері атанып 1-ші орынға ие болды. Жобаның жетекшілері Ж.Т. Кульшманова мен Қ.Қ. Смекенова.  

2014 жылы мамыр айында облыстық «Мемлекеттік тілдегі үздік білім беру сайты» байқауында 3-ші орын алдық, онда: сайт беттері дизайнының стилистикалық толықтығы, оқылуы, оқушыларға, ата-аналарға және т.б. арналған пайдалы ақпараттар критерилерінің бағасы есепке алынды. Сайтпен директордың АТ жөніндегі орынбасары С.С. Калимова, жабдықтар жөніндегі инженер В.Н. Беспрозванный, аудармашы С.Т. Барақбаев жұмыс істеді.

Бүгінгі күні Павлодар машина жасау колледжі – машина жасау кешенінің өндірістік кәсіпорындарына қажетті техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын жалғыз арнайы мамандандырылған оқу мекемесі.

Колледж техник-электриктер, техник-технологтар, техник-механиктер, стандарттару, сертификаттау және метрология бойынша техниктер, техник-құрылысшылар, техник-металлургтар даярлайды.

Колледж үнемі қаланың өндірістік кәсіпорындарымен бірлесе отырып жұмыстар жүргізеді. Бұл жерлерде студенттер іс-тәжірибелерден өтіп, бос орын бола қалған жағдайда колледжді бітірген соң таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады. Үшжақты келісім-шарттар жасау бойынша өнімді жұмыстар атқарылуда. Уақыт өте келе біздің өміріміз де өзгерістерге толы болатыны, бір ұрпақты келесі ұрпақ ауыстыратыны даусыз. Колледждің әкімшілігі мен оқытушылар құрамы өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеу тапсырмасын оңтайлы шешіп келеді, олардың еңбектері мен нәтижелері қоғамда өзіне тиісті бағасын алатыны сөзсіз.       

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Колледж тарихы