"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 15-05-2017, 11:35, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1272

 

       Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке алыпкеледі. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономика жағынанда пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат араласуларды іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы; шылымқорлық; ішімдікті шамадан тыс тұтыну; дене белсенділігінің жеткіліксіздігі; жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларды дамытатын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі. Егер тиісті шараларды қабылдамаса, ДДҰ-ның саапшыларының болжамы бойынша жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім деректері одан әрі өсе беретін болады.

     Артериялық қан қысымының деңгейі кез келген жаста сынап бағанасынан 140/90 мм аспауы тиіс (АҚҚ — с.б. 120/80 мм— кез келген жасқа қолайлы). АҚҚ үнемі с.б. 150 мм жоғары болған жағдайда қалыпты артериялық қан қысымына қарағанда инсульт 3 есе көп, ал  инфаркт –2,5 есе жиі кездеседі, артериялық қан қысымын өлшеу нәтижелерін Өзін-өзі бақылау күнделігіне жазып отыру қажет.

Жаңалық қосты admin1, 29-04-2017, 11:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1579

         

    Бронх демікпесі (БД) ең көп таралған созылмалы жұқпалы емес аурулардың бірі және денсаулық сақтау саласының өзекті мәселесі болып отыр. Қазір ДДҰ-ның мәліметтері бойынша одан әлемде 300 млн. жуық адам зардап шегеді. Барлық жастық топта, әсіресе балалар арасында бронх демікпесінің таралуы, аурушаңдылық пен өлім-жітім артқаны байқалуда. Демікпенің балалар арасындағы ең көп таралған созылмалы ауру екенін атап айту қажет.

     Балаларда аурудың басталуы көбінесе респираторлық аурулармен, түрлі аллергендердің шығуы мен бөгде заттарға байланысты. Семіздік те БД тудыратын қауіпті фактор болып есептеледі. Ер жынысты балаларда демікпенің дамуының қауіпті факторы болып табылады, 14 жасқа дейін демікпенің таралуы қыздарға қарағанда ұлдар арасында екі есе көп. Ұл балалар туылған кезде өкпесінің көлемі кішкентай, ал есейгенде керісінше қыздармен салыстырғанда үлкен болатыны белгілі.

     БД кезіндегі шылымқорлық өкпе қызметінің тез нашарлауына, аурудың асқынуына, ингаляциялық және жүйелік глюкокортикостероидтердің тиімділігінің төменедеуіне, сондай-ақ демікпені бақылау мүмкіндігін шектеуге әкеп соғады.Босанғанға дейін және босанғаннан кейін темекі түтінімен байланыста болу балада демікпе тәрізді белгілердің дамуының қауіпті факторы болып табылады. Жаңа туылған балалардың туыла сала өкпесінің қызметін зерттеу ананың жүкті кезде шылым шегуінің бала өкпесінің дамуына кері әсері барын дәлелдеді. Сондай-ақ шылымқор ананың балалары алғашқы жылы ысқырып тыныс алу жағдайының пайда болуына 4  есе көп шалдығады. Ананың пассивті шылым шегуі балаларда төменгі тыныс алу жолдарының ауруының пайда болу қаупін арттырады.

     Ауруды бақылау БД-ның асқынуы ауаның ластану деңгейіне байланысты екенін көрсеткен, ол БД-мен ауыратын пациенттер сезімтал аэрополлютанттардың жалпы санының артуы немесе кәсіби аллергендердің барлығына байланысты болуы мүмкін.         Сонымен қатар, өңделген азық-түліктерді, омега-6 тобындағы (маргарин мен өсімдік майының құрамында болатын) көп қанықпаған май қышқылдарын көп пайдаланужәне антиоксиданттарды (көкөніс пен жеміс түрінде),  омега-3 тобындағы (майлы балық құрамындағы) көп қанықпаған май қышқылдарын жеткіліксіз тұтыну секілді тамақтану ерекшеліктері атопиялық аурулар мен бронх демікпесінің деректерінің жиілеуіне ықпал етеді.

     Осы көп таралған және әлеуметтік маңызды аурудың пайда болуы мен даму қаупін барынша төмендету үшін келесі сипаттағы профилактикалық араласуды іске асыру қажет: салауатты өмір салты дағдыларын, соның ішінде күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, жеткілікті дене белсенділігін ұстану, темекіні, ішімдікті тұтынудан бас тарту, дәрі-дәрмекті үйлесімді қолдану туралы хабар беруді арттыру, топтық, сондай-ақ жеке деңгейде оқытатын шаралар өткізу, сонымен қатар өз денсаулығына жауапты, ақпаратты адамның, әсіресе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде шараға белсенді қатысу.

     Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесі (бұдан әрі - МӘМС) –халық денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігі «100 нақты қадам» институционалдық реформа жоспарымен және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауымен айқындалды.

Жаңалық қосты admin1, 24-02-2017, 10:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1067

Жасөспірімдердің ширығуына әсер ететін әр-түрлі, көптеген себептер бар:

1)    Оқу үлгерімінің нашарлығы, оқытушылармен жанжалдар.

Көптеген ата-аналарға балардың көп бөлігінің жасөспірімдік жаста оқуға мүлем қызықпайтындай болып көрінуі мүмкін. Бірақта түбінде олай емес – бала ішкі жан дүниесінде өзінің сәтсіздіктерін қатты уайымдайды, оны көбінесе көрсете бермейді. Олар тіпті – бұл уайымдарын енжарлық бейнесінде көрсетуі мүмкін.

2)    Баланың әлеуметтік мәртебесі, құрбы-құрдастарымен жанжалдары.

Жасөспірім үшін қатарластарының көз алдында оның әлеуметтік мәртебесі өте маңызды. Кез-келген бала жетекші болмаса да, өз қаратластарына беделді және оған өз әсерін тигізуді қалайды. Бұл өкінішке орай әр кезде бола бермейді. Сондықтан баланы қатарластары қабылдамаған жағдайда, көп жағдайда ширығуға тап болуы алыс емес.

3)    Жасөспірімнің отбасындағы психологиялық жағдай

Отбасындағы жалпы психологиялық жағдай да соңғы орында емес. Егер де отбасындағы дау-жанжалдар күнделікті көрініс болса, онда мұндай жағдайда бала өзін қолайсыз сезінетіні сөзсіз. Көптеген ата-аналар өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды осылай шешсек, онда оны бала білмей қалады деп ойлайды. Бірақ олар қатты қателеседі – жасөспірім бәрібір ата-анасының арасындағы келеңсіздікті сезеді. Айта кететін жайттың бірі егер де баланың ата-аналарының арасында жанжалдар болатын болса, онда ешқандай да қайырымды көңіл-күйдің болуы мүмкін емес. Көбінесе жасөспірімдік максимализм ата-аналардың болмашы ескертулерін баланың ауыр қабылдап, ол одан әрі дай-жанжалға ұласып кетуге әкеледі. Сондықтан ата-аналар осындай ауыр кездері барынша ақылдылық пен шыдамдылық танытулары керек.

  

Жаңалық қосты admin1, 26-10-2016, 10:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1371

Колледжге бейімделу үрдісі жеңіл болу үшін ұлыңыздың немесе қызыңыздың төмендегі ережелерін қадағалаңыз:

Күн тәртібін сақтаңыз: сағ. 23-00-ге дейін ұйықтауға жатуы керек, себебі 8 сағаттық ұйқы қажет;

Уақытты аз жұмсап, өзінің тұрмыстық жағдайын дұрыс ұйымдастырсын;

Таза ауада күніне 2 сағат болуы керек. Бұл көңіл-күйді жақсартады;

Күнде денешықынтырумен айналыссын;

Өзінің денсаулығын нығайтып, жеке тазалықты сақтасын;

Көбірек оқып, өздігінен жұмыс істесін;

Үнемі оқытушылармен, сынып жетекшілермен байланыста болыңыз.

Жанжал туындаған жағдайда баладан ажырап қалмаңыз, бірінші достасыңыз, содан соң өз істеріңізбен айналысыңыз.

 -  Баланың үйге үйір болуына жағдай жасаңыз; үйге келе жатқанда «Бәрінен де біздің үйде жақсы!» деген сөзді айтуды ұмытпаңыз.

 -  «Сен жақсысың, бірақ өзгелерден артық емессің» деген бұрыннан белгілі психологиялық формуланы балаңыздың бойына сіңдіріңіз.

 -  Ұлыңызбен немесе қызыңызбен жанжалдасқан кезде ашуға беріле берілмеңіз, өйткені олар да өзінің дұрыс еместігін үнемі сезінбеуі керек. Сіз бұл іс-әрекетіңізбен балаларыңыздың қателіктері мен жеңілістерін мойындауларына үйретесіз.

 -  Балаларыңызды «Бүгін не қызықты болды?», «Немен айналыстыңдар?», «Колледжде қалай?» деген сұрақтармен қарсы алыңыз.

 -  Балаңыздың өмірінде болып жатқан жаңалықтарды шыдамдылықпен және қызығушылықпен тыңдаңыз.

 -  Балаңыздың табысына қуаныңыз. Оның уақытша сәтсіз кезеңдеріне ашуланбаңыз.

Жаңалық қосты admin1, 10-10-2016, 10:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1084

1. Күлімдеңіз. Жаңа ұжымға бейімделу кезеңінде көбірек күлімдеп жүруге тырысыңыз. Ұжымға жаңадан келген уақытта сіздің бірінші әсеріңіз қалыптасады. Көптеген психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша бірінші әсер тез қалыптасады: 10-нан 40 секундқа дейін және бұл әсер келесі қарым-қатынастарда жалғасады. Бұл бір фотосурет тәрізді. Егер де бірінші әсер жағымды болса онда әрі қарай ұжымда жұмыс істеуге жеңіл болады. Егер де сіз шиеленісушілік пен жақтырмаушылық болса онда ұжымда да осындай көрініс қалыптасады.

2. Өзіңізді басқалардан жоғары санамаңыз. Ұжыммен болған алғашқы күні  адамның (әсіресе ол ұялшақ, ұяң болса) бойында күштену пайда болып байланыстан қашады және тұйық болады. Бұл кез келген адам үшін ұжыммен араласу ширығу болып табылады. Сіздің мұндей суық қарым-қатынасыңызды өзгелер өзін өзгелерден жоғары ұстайды деп пайымдауы мүмкін. Сондықтан қандайда бір қиындықтарға қарамастан бірінші күннен бастап, адамдардан «оқшау» болмаңыз, керісінше көбірек байланысқа түсіп, көмек сұраңыз.

3. Қайырымдылық, шыдамдылық танытып, әзілге жақын болыңыз. Ұжымды қалай болса да қабылдаңыз. Адамдарды болмысына қарап қабылдау қиын. Біз оларды өзімізге ұнайтын жақтарынан ғана қабылдауға ұмтыламыз. Бірақ та олар әр түрлі – әр қайсысының өздерінің тәжірибесі мен проблемалары бар. Ашуланбаңыз және қайғырмаңыз әрі адамның мінез-құлқын өзгертуге тырыспаңыз. Шыдамдылық танытуды үйреніңіз.

5. Еңбек сүйгіштікке үйреніңіз және жалқауланбау. Сіз үнемі ұжымның көз алдында екендігіңізді есте сақтаңыз. Олардың сіз туралы пікірі қымбатқа түсуі немесе жаңа қарым-қатынастарға жол бастауы мүмкін.

6. Басқаларға көмектесуге дайын болыңыз. Егер де сіз группаласыңыздың проблемасын байқасаңыз, бос уақытыңыз болса оған көмекке қол ұшын созыңыз. Оны басқа группаластарыңыз бен оқытушылар әрқашан оң бағалайды.

7. Қиын жағдайларда қулық танытпаңыз және жалтармаңыз. «Барлық құпияның түбінде мәлім болатынын» есте сақтаңыз. Қателіктеріңізді түбінде біліп қояды, жазалайды деген қорқынышты күткенше, оны уақытында хабарлаңыз.

8. Басқаларды сөз қылмаңыз.

 

Жаңалық қосты admin1, 7-10-2015, 11:12, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1451

Адам өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтеді. Енді жасөспірім жастағы немесе ерте жастық шақтағы (15-18 жастағы) балалар туралы айтайық. Бұл жастың максимализм екендігін айтып кеткен жөн. Бұл жаста ата-аналар мен педагогтардың беделі әлсізденіп, керісінше құрбы-құрдастарының беделі арта түседі. Диагностика нәтижесінде біздің колледждегі оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейіне тоқталатын болсақ, сынақтан өткен 70 жасөспірімнің 32-сі өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейін көрсетсе, тек бір оқушыда ғана өзін-өзі бағалау деңгейі төмен. Өзін-өзі бағалаудың күрт артуында құрбы-құрдастарының нәтижелерге мән бермей бағалауы тұр. Бір уақытта жан жарасы мен зиянды әсер етулер артады. Осыған байланысты ол өзін қоршаған үлкендерге сенуден қалады және мінезі өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыра алмау, өзгедерді дұрыс бағалай алмау салдарынан нормадан ауытқуы мүмкін. Мұндай жасөспірімге қоршаған ортаның оны түсінбейтіндей болып көрінуі мүмкін, атап айтқанда оқытушылар себебсізден кінәрат артуы және оған дұрыс қарамауы, оның мүмкіндіктерін бағалай алмауы. Сондықтан ол сабақта жанжалдар шығарып, өз ортасында әр түрлі пікірлер айтып жағдайды ушықтырады. Ол өзінің құрбы-құрдастарының, топтастарының арасында беделді жаулап алуға ұмтылады. Сонымен қатар осы жаста жасөспірімдердің қоршаған ортаға қарағанда өзіне қоятын талаптардың төмен екендігін айту керек. Оларға өздерін байқамайтындай, түсінбейтіндей, оларға жақсы қарамайтындай болып көрінеді. Егер де шынайылық оның күтуіне сәйкес келмесе жасөспірімнің көңіл-күйі болмай, оған өмір мәнсіз болып көрінеді. Сонымен қатар ол себебсізден-себепсіз үлкендерді кінәлайды. 

            Бірінші кезекте сіздің балаңызға оған сенетініңізді және үлкен адамша қарайтыныңызды түсіндіруіңіз қажет.

Онымен теңдей, үлкен адамша сөйлесуге тырысыңыз, оған деген сеніміңіздің мол екендігін көрсетіңіз, сонымен қатар колледждегі осы мамандық бойынша оқудың оның болашағана жол ашатындығын, өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беретіндігін, болашақта жақса табыс табатындығын түсіндіріңіз.

Оның басқа студенттермен қарым-қатынас жасауына бөгет жасамаңыз, пайдалы ақпарат алмасу ешкімге ешқашан кедергі тигізбейді. Сонымен қатар көптеген жоғары курстағылар өздерінің болашақтары туралы әлден ойлануда және олардың ұстанымдары сіздің балаңызға оң әсер етуі мүмкін.

Міндетті түрде кедергілерден өтуге көмектесіңіз. Балалардың кез келген оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдап отырыңыз. Ең бастысы өз балаларыңызды қандай болса да, солай қабылдауға үйреніңіз. Адамды қандай болса да сондай күйде қабылдау – бұл қазіргі әлемде жеткіліксіз болып табылатын толеранттылық қарым-қатынас сапасы.

Жаңалық қосты admin1, 18-04-2014, 11:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 898

Ата-анаңа көмектес. Олар жұмыста да, үйде де шаршайды. Оларды қуантуға тырыс. Бұл байланыс орнатуға көмектеседі.

Ата-анаңа мән-жайды дұрыс түсіндіруге тырыс – бұл айғайға, есікті қатты жабуға қарағанда, үздік нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасайды.

 Ата-анаңнан өздерінің жас кездері туралы, олардың ата-аналарымен арасындағы жанжалдар туралы айтып беруін сұра. Бұл сендердің араларыңдағы түсіністіктің тереңдеуіне әкеледі.

 Егер ата-анаң сені әлі күнге дейін кішкентай бала ретінде қабылдаған жағдайда, сыпай түрде өзіңнің есейгеніңді әрі өз өміріңе қатысты мәселелерді олармен бірге шешетіндігіңді ескертіп айт.

 Ата-анаңа өзіңнің олардың кеңесіне және көмегіне мұқтаж екендігіңді білдір. Бұл үйде жағымды жағдайдың орнауына көмектеседі.

Ата-аналарыңмен үнемі әңгімелесіп, өз өміріңде болып жатқан жаңалықтармен бөліс.

 Ата-анаңды алдамауға тырыс. Құпияңның түбінде сыры ашылады.

Ата-ананың да қателіктер жасауы мүмкін екендігін есте сақта. Кішіпейілділік таныт.

Ата-ананың шектеу қоюы көбінеше дұрыс шешім болып табылады. Егер де саған барлығына рұқсат беретін болса, оның соңы немен аяқталатынын ойлан!

 Егер де жанжал туындаған жағдайда өзіңді соған кінәлі деп сезінсең, барлық күш-қуатыңды жинап бірінші қадам жасауға тырыс. Ізеттілік танынқаннан сенің ештеңең кетпейді.

 Ата-анаңмен жеке өз өміріңнің сызығын орнатуға тырыс, бірақ олардан оны қатал талап етпе. Тек қана оны жай ғана өтініп сұра.

 Үйдегі жұмыс өзіңнің жеке өміріңе дайындықтың үздік көрінісі болып табылады. Оған түсіністікпен қарауға тырыс.

Белгілі бір уақытта үйге оралу – бұл өзіңді жағымсыз жағдайлардан сақтауға, басқаша айтқанда өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз етуге жағдай жасайтын тәсіл болып табылады.

 Егер де кешігіп жатсаң міндетті түрде ата-анаңмен телефонмен хабарлас, өйткені олар да қобалжу үстінде болады! Оларды сен үшін жиі алаңдамауға жағдай жаса.