Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Педагог «Өзін-өзі тану және психология апталығы»
Жаңалық қосты admin1, 18-02-2021, 17:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 616

«Өзін-өзі тану және психология апталығы»

 

2021 жылғы 4-17 ақпан аралығында Павлодар машина жасау колледжінде өзін-өзі тану және психология апталығы өткізілді. 1-4 курстың барлық студенттері белсенді қатысты.

Апта бойы "психология" ғылымы, "өзін-өзі тану" пәні туралы білімді кеңейту мақсатында, адам өміріндегі психологиялық білімнің рөлі мен орны туралы «Отбасы адамгершілік пен руханилықтың қайнар көзі» тақырыбында ата-аналармен және білім алушылармен, сондай-ақ «ПОЦПД 3» КМҚК жанындағы медициналық-психологиялық қызмет психологы С.Г. Шиманмен бірлесіп, педагогтармен, ата-аналармен және білім алушылармен «Жанжалдар, жанжалды жағдайдан шығу жолдары» және «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторды шақыруымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында семинар өткізілді, онда әлеуметтік желілерде жеке жарияланымдарды орналастыру кезінде жасөспірімдерге өз мінез-құлқын басқару бойынша кеңестер мен ұсынымдар берілді.

Аптаның соңы қорытынды шығарумен және «Асыл жүрек» фотокөрмесінің жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

«Өзін-өзі тану және психология» апталығын өткізуге қатысқандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл барлық топтардың кураторлары және студенттер. Дағдарыс орталығының психологы Шиман Светлана Геннадьевнаға және МЮП инспекторы, полиция аға лейтенанты М. Н. Карамурзиноваға жеке алғысымызды білдіреміз.

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/180221sp.jpg

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: «Өзін-өзі тану және психология апталығы»