Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Педагог Павлодар машина жасау колледжінің 1-2 курс студенттері арасында «Мен және Интернет» тақырыбында Вебинар
Жаңалық қосты admin1, 28-01-2021, 12:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 465

Павлодар машина жасау колледжінің

1-2 курс студенттері арасында

«Мен және Интернет» тақырыбында

Вебинар

 

 

Жасөспірімдерде виртуалды ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 2021 жылғы 27 қаңтарда 1-2 курс студенттері арасында «Мен және Интернет» тақырыбында онлайндық вебинар өткізілді, оған 33 адам қатысты.

Осы тақырып аясында студент жастарда интернетке тәуелділіктің алдын алудың өзекті мәселесі ұсынылды. Студент жастардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері сипатталды, студенттердің интернетке тәуелділігінің ерекшелігі қарастырылды, зерттелетін мәселе аясында алдын-алудың негізгі аспектілері талданды.

1-2 курс студенттерімен Интернетті пайдалануға, олардың желіде өткізетін уақытын азайтуға, тәуелділік деңгейін төмендетуге, тиімді мінез-құлық стратегиялары мен жеке ресурстарды алуға, тұлғааралық қарым-қатынастың сындарлы дағдылары мен стресстік жағдайларды шешуге, барабар мақсат қоюға, қарым-қатынас деңгейін арттыруға, өзін-өзі бағалауға, өзіне деген сенімділікке, рефлексивтілікке және стресске төзімділікке қатысты қатынастар қарастырылды.

Балалар интернетке тәуелділік-психикалық бұзылыс, интернетке қосылуға деген байламдылық және одан уақытында ажырай алмау сияқты мәселелерді талқылауға белсенді қатысты, өз тәжірибелерінен осындай жағдайлардың мысалдарымен бөлісті.

 

 

 Педагог-психолог:   Сарсекеева Ш.К.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Павлодар машина жасау колледжінің 1-2 курс студенттері арасында «Мен және Интернет» тақырыбында Вебинар