"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 4-11-2023, 22:15, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 41

2023 жылғы 2-3 қарашада Өскемен жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында инженерлік сала бойынша ІІІ республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Республиканың 30 педагогының 17 арнайы пән оқытушылары мен ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері финалға өтті.

Екі күн бойы байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Байқау 2 кезеңде өткізілді:

1 кезең – теориялық бөлім (2023 жылғы 23-24 қазан аралығында ОНЛАЙН өтті), 2 модульден тұрды:

Модуль 1-Техникалық тапсырма бойынша графикалық редакторда сызба салу;

2-Модуль-мамандық бойынша кешенді тестілеу.

2 кезең-практикалық бөлім (2023 жылғы 2-3 қараша аралығында ОФЛАЙН режимінде өтті.), 3 модульден тұрды:

3-Модуль – «Мен - SMART инженер» - механикалық берілісті әзірлеу және жобалау жөніндегі тапсырма»;

4-Модуль - практикалық оқыту элементтерін көрсету;

5-Модуль - еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ситуациялық міндеттерді шешу.

Байқау-бұл сіздің қабілеттеріңізді тексеруге және инженерлік тәжірибемен бөлісуге тамаша мүмкіндік.

Біздің колледжді арнайы пәндер оқытушысы Смагулова Айжан Кабышевна таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша Айжан Қабышқызы «Креативті инженер» номинациясына ие болып, грамотамен марапатталды.

Республиканский конкурс