"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 30-03-2023, 16:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 127

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Павлодар машина жасау колледжінде
JuniorSkills-2023 байқауы өтті, оған қала мектептерінің оқушылары қатысты. Бұл іс -
шараның негізгі мақсаты-ерте кәсіптік бағдар беру және оқушыларды кәсіби даярлау
негіздерін алу, әртүрлі кәсіптер мен салаларда өзін сынап көру, шығармашылық және
өнертапқыштық ойлауды жандандыру. Сарапшылар ретінде әлеуметтік серіктестер, арнайы
пәндер оқытушылары және студенттер парламентінің мүшелері сөз сөйледі. Байқау 4
құзыреттілік бойынша өткізілді: слесарлық іс, қалыптау ісі, электромонтаждау және
жабдықты жөндеу.
«Слесарлық іс» құзыреттілігімен байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды №1
ЖОББМ А. Тайлаков, 2-ші орынды №21 ЖОББМ А. Батищев, 3-ші орынды №42 ЖОББМ
Б. Амантай иеленді.
«Қалыптау ісі» құзыреттілігі бойынша: 1-ші орынды № 42 ЖОББМ Д. Буторин, 2-
ші орынды № 21 ЖОББМ А. Пономаренко, 3-ші орынды № 42 ЖОББМ А. Исенов иеленді.
«Жабдықтарды жөндеу» құзыреттілігі бойынша: 1-ші орынды М. Қарашашев №1
ЖОББМ, 2-ші орынды И. Исбасаров №21 ЖОББМ, Т. Ташибаев №30 ЖОББМ, 3-ші орынды
Д. Заитов №29 ЖОББМ иеленді.
«Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша: 19ші орынды Д. Соколов №28 ЖОББМ,
2-ші орынды Н. Сидоров №24 ЖОББМ, 3-ші орынды А. Байтан №1 ЖОББМ иеленді.
Байқауға қатысушыларға сертификаттар, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс
етілді.