"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 11-11-2022, 11:03, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 35

Ағымдағы жылдың 10-11 қарашасында Өскемен қаласында арнайы пәндердің дарынды оқытушыларын анықтау, сондай-ақ Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және кәсіби және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында инженерлік сала бойынша ТжКБ педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға Павлодар машина жасау колледжінің арнайы пәндер оқытушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Байдилдин Нұрсұлтан Қанатұлы 1 орын; Сапинов Руслан Викторович 3 орын.