|
| | РУС |
|
2021 жылғы 2-3 наурыз аралығында Павлодар машина жасау колледжінде 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша ТОРА 17-9-1 тобының студенттерінің "Өндіріс экономикасы" пәні бойынша курстық жұмыстарды онлайн қорғау өтті. Қорғау нәтижелері бойынша студенттер Кукунов Владислав, Гимадеев Кирилл, Шкуратов Никита, Васильев Владимир, Горжий Ярослав үздік деп танылды. Барлық балалар курстық жұмыстарды сәтті қорғады, олардың үлгерімі 100% құрады. Балалар, сіздерге мықты денсаулық және оқуда табыс тілейміз! Әкімшілік
Павлодар машина жасау колледжінде 2021 жылғы 25-26 ақпан аралығында 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы, ТОРА 18-9-1 тобы бойынша "Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету" пәні бойынша студенттердің курстық жобаларын онлайн қорғау өтті. Барлық балалар жобаларды қорғауға сапалы дайындалды, жақсы білімдерін көрсетті, өз жобаларында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бойынша учаскелер әзірледі. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер: Жукенов Арыстан, Паульс Сергей, Ануаров Мадияр, Тұрғанбек Нұрлыбек, Гончаренко Данил. Абсолюттік үлгерім 100%, сапалы үлгерім 92% құрады. Балалар, сіздерді курстық жобаларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз, денсаулық пен оқуда сәттілік тілейміз.
Колледж әкімшілігі.
Павлодар машина жасау колледжінде 2021 жылғы 26-27 ақпан аралығында ТОРА 17-9-1 тобының "Автокөлік құралдарын жөндеу" пәні бойынша 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша студенттердің курстық жобаларын онлайн қорғау өтті. Балалар қызықты жобаларды ұсынды. Қызықты жобаларды Гибрат Агланбек "Жеңіл автокөліктердің жүрістік бөлігінің ТҚК және ТЖ операциялық-технологиялық картасын әзірлеумен жүрістік бөлікті жөндеу бойынша учаскенің жобасын", Баймуратов Айтуар "ВАЗ маркалы автокөліктердің генераторы білігін қалпына келтірудің операциялық-технологиялық картасын әзірлеумен электротехникалық учаскенің жобасын", Горжий Ярослав "Toyota Mark 2 маркалы автокөліктердің иінді білігін қалпына келтірудің операциялық-технологиялық картасын әзірлеумен учаскенің жобасын" ұсынды. Қорғау қорытындылары бойынша келесі студенттер үздік деп танылды: Горячев Данил, Васильев Владимир, Горжий Ярослав, Луговой Андрей, Баймұратов Айтуар. Абсолюттік үлгерім 100% құрады. Балалар, сіздерге денсаулық және алдағы сессияда сәттілік тілейміз!
Әкімшілік
Студенты Павлодарского машиностроительного колледжа поддерживают челлендж “Алғысым шексіз”
Павлодарский машиностроительный колледж поддерживает челлендж «Алғысым шексіз” и благодарит медицинских работников Казахстана. Низкий поклон Вам!!!
Областной челлендж поддерживают студенты группы ЛП 17-9-1. Выражают огромную благодарность всем врачам Казахстана
|