"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 20-02-2020, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 410

2020 жылдың 19 ақпанында Павлодар машина жасау колледжінің ТОРА18-9-1 тобының студенттері Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби мұрасына», «Ақынмен серуен» кескіндемесіне, облыстық көркемсурет мұражайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Біртұтас отбасында» экспозициясының шығармашылық көрмелеріне барды. Студенттер ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының еліміздің тарихының қалыптасуы мен дамуындағы маңыздылығын түсінді.