"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 13-02-2020, 12:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 523

2020 жылы  12 ақпанда Павлодар техникалық сервис колледжінде А.П. Чеховтың 160 жылдығына арналған «А.П. Чеховтың шығармашылығы: табиғат, адам, қоғам - ХХІ ғасырындағы  көрінісі» атты студенттердің облыстық оқу конференциясы өтті.

Конференция көркем әдебиет шығармаларын насихаттау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, студенттердің назарын мұғалімдердің жетекшілігімен сабақтан кейінгі ғылыми шығармашылық пен зерттеу жұмыстарына аудару мақсатында өткізілді.

Конференцияға бірінші курс студенттері, ЭМОП-19-9-1 топтары Воронова Полина, Савинова София, Унрау Артем қатысты. Студенттердің «Әлемге А.П. Чеховтың қаһармандардың көз қарасымен» жұмысы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 Студентерге лайықты жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 13-02-2020, 10:12, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 389

Машина жасау колледжінің студенттері 2020 жылдың 12 ақпанында колледж студенттері арасында шаңғы жарысы бойынша ХХІІІ облыстық спартакиадасына қатысып, командалық 4-орынды иеленді.