"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-10-2018, 09:05, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 930

Қалыптасқан дәстүр бойынша КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» Халықаралық қарттар күніне арналған «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізілді. «Қайырымдылық іс істе» акциясының аясында 16.10.2018ж. ТОРА 17-9-1 тобы белсенділік танытты. Топтың оқушылары мен олардың ата-аналары Ленин кентінде тұратын Гребнова Анна Петровнаға отын жеткізіп берумен және оны дайындап беруге көмек көрсетті. Зейнеткер Гребнова Анна Петровна біздің студент Ивашин Александрдың қамқоршысы болып табылады. Анна Петровна колледждің балалары мен басшылығына көрсеткен көмектері үшін алғыс айтты.