"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 24-12-2015, 10:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1549

          Орта кәсіптік оқу мекемелерінің студенттері арасындағы IІ-ші облыстық полилингвалды олимпиада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» базасында Павлодар облысының Білім басқармасының қолдауымен 2015 жылы 24 желтоқсанда екі бағыт бойынша: арнайы және әр түрлі мамандықта білім алатын студенттер арасында өткізілді.

 

      Осы олимпиаданың мақсаты:

- студенттерді халықаралық деңгейдегі коммуникативтік және білім беру кеңістігіне шығару әрі оларды халықаралық мәдени-тарихи кеңістікке бағыттау;

- оқушылардың санасына қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын, неміс тілдерін халықаралық коммуникациялық тіл ретінде шығармашылық деңгейде меңгерудің тәжірибелік құндылықтарын сіңдіруге атсалысу;

- студенттердің жалпы мәдени дамуы мен өздік білім алуына пәнаралық байланыстары бар тілдерді меңгеруге жағдай жасау.

Олимпиадаға келесі колледждер қатысты: Павлодар көлік және коммуникация колледжі, Павлодар сервис және тамақтану колледжі, Павлодар бизнес колледжі, Павлодар қызмет көрсету колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Қашыр аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар мұнай-газ колледжі, Павлодар Қазтұтынуодағының экономикалық колледжі, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Успен аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар инновациялық көпсалалық колледжі, Павлодар басқару колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі, Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі, Павлодар химикалық-механикалық колледжі, ИНеУ колледжі, Екібастұз ИНеУ-і.

   Олимпиадаға қатысуға 32 студент өтініш білдірді: олардың 26 студенті әртүрлі мамандық ал 6 студент арнайы бағыттағы мамандық бойынша.

   Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын келесі әділ-қазылар бағалады, оның құрамына: әділ-қазылар төрағасы ПМПИ профессоры Р.Ж. Саурбаев, комиссия мүшері – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.О. Әбдіразақова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Абдрахманова Ғайни Зекенқызы, ТжКО оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Ж. Қалиева кірді.

    Қорытындыларды шығару мен қатысушыларды марапаттау олимпиада өткізілген күні мерекелік жағдайда өтті.

    Олимпиада қорытындысы бойынша әртүрлі мамандықтарда білім алатын студенттер арасында орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын Диягер Ирина  (жетекші Қасым К.З. қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Мұстафин Е.Е. ағылшын тілі пәнінің оқытушысы), Павлодар бизнес колледжі;

1 орын Сұлтанәлиева Әзиза (жетекші Кәрібаева Г.И.), Павлодар технологиялық колледжі;

2 орын  Садықов Нұрлан (жетекші Арынова Р.Е.) Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі;

3 орын Оразалы Айжан (жетекші Ерсін А. Хамитова А.С ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, Күлжібаева Г.Т қазақ тілі пәнінің оқытушысы) Павлодар машина жасау колледжі;

3 орын Жамағат Гүлжан (жетекші Жақтай А. М. қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Куркина К.З орыс тілі пәнінің оқытушысы, Иманшәріпова А.Ж ағылшын тілі пәнінің оқытушысы) Павлодар  бизнес колледжі;

    Арнайы бағыттағы студенттер арасында бір 3-ші орын тағайындалды Озыхан Ұлжан (жетекші Ахметова Г.К) Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі.

       Қатысушылардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Жеке біріншіліктегі жүлдегерлерге 1,2, және 3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Полилингвалды олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

II-ші областық полилингвалдық олимпиада өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті. Қатысушылар мен оқытушылар олимпиада ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.