"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 22-12-2015, 10:19, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1350

2015 жылы 22 желтоқсанда колледжде жалпы білім беретін және техникалық пәндер бойынша олимпиада өткізілді. 

Олимпиаданың тапсырмалары төмендегідей болды:

  •  Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дмыту;
  •  Студенттердің қазіргі білімді терең әрі мықты меңгеруіне, олардың бойынша іскерлік пен дағдыға және ғылыми-зерттеушілік жұмысқа қызығушылықтарын қалыптастыру;
  •  Жеке жарыстарға қабілеттерін, алға қойған тапсырмаларды шешу жолын табу іскерлігін қалыптастыру;
  •  Дарынды және талантты студенттерді анықтау, олардың интеллектуалдық және кәсіптік бағдарын әрі қарай дамыту;
  •  Оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын белсендендіру.

 

Олимпиада келесі пәндер бойынша жүргізілді: математика, физика, ағылшын тілі, кәсіби ағылшын тілі, қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, экономика, техникалық механика. Олимпиадаға 54 студент қатысты.

Олимпиада нәтижелері линейкада айтылып, жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Орындар төмендегідей бөлінді:

Техникалық механика бойынша:

1 орын Балғабай Абылай ТМ-14-9-1 тобы

2 орын Темірболат Әділет ТМ-14-9-1 тобы

3 орын Тұрсынғалиева Жаннұр ТМ-15-11-1 тобы

Экономика бойынша:

1 орын Ашықбаев Арман ТМ-15-11-1 тобы

2 орын Сағынтай Еламан ТМ-15-11-1 тобы

3 орын Фомин  Владимир ТМ-15-11-1 тобы

Физика бойынша:

3 орын Боровинских Виктор ТМ-15-9-1 тобы

Математика бойынша:

3 орын Мұратова Айымгүл ЛПТ-15-9-1 тобы

Ағылшын тілі бойынша:

2 орын Кириленко Николай ЛПТ-15-9-1 тобы

3 орын Касьянов Владислав ТМ-15-9-1 тобы

Кәсіби ағылшын тілі бойынша:

3 орын Қаирқанов Әсет ТМ-15-11-1 тобы

Қазақ тілі бойынша:

2 орын Хұмарзах Нұрбол ЛПТ-15-9-1 тобы

3 орын Хадный Көгершін ЛПТ-15-9-1 тобы

3 орын Лукманов Константин ЛПТ-15-9-1 тобы

          Кәсіби қазақ тілі бойынша:

2 орын Ақышева Бахыт ЛП-15-11-1 тобы

3 орын Дисұханов Нариман ЛП-15-11-1 тобы