|
| | РУС |
|
Колледж өмірінен бір апта
Павлодар машина жасау колледжіндегі жалы білім беру мен қоғамдық пәндер апталығы «Білім – күш, ал қозғалыс – өмір» деген жалпы атаумен 15-19 сәуір аларығында өтті. Бұл іс-шара студенттерді ғылыми жұмыстарға қатыстыру, олардың мүмкіндіктерін ашу мақсатында жыл сайын өткізіледі. Ол оқушылардың жаңа білімдер жинақтауына мүмкіндіктер береді.
Бірінші күні физика пәнінің оқытушысы Ғ.М. Сүлейменова 1-ші курс оқушыларының арасында Космонавтар күніне арналған қызықты космостық конференция өткізді. Әрі қарай эстафетаны математика, информатика және химия пәндерінің оқытушылары жалғастырды. Педагогтар Ж.Т. Жанкаринова, С.С. Калимова және Ж.Т. Кульшманова «Өз ойының» атты интеллектуалдық ойынды дайындады әрі өткізді. Оқушылар сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап беріп отырды. Бірінші курс студенті Ержан Молдағалиев ең білімді студент деп танылды. Интеллектуалық марафонға жалын мен жарыс рухын дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Қ. Кожиков пен М.К. Сирлибаев ұйымдастырған «Көңілді старттар» сайысы қосты. Мемлекеттік тілде оқитын топта Қазақстан тарихы пәні бойынша «Миллион кімге бұйырады» атты қызықты викторинаны қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаев өткізді. «Электрлік, электрмеханикалық жабдықтары» мамандығы бойынша білім алатын ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Жотаев Серік тарих білгірі атанды. Пәндік апталық барысында қызықты, интербелсенді ашық сабақтар өткізілді: фихика пәні бойынша – оқытушы Ғ.М. Сүлейменова, «Адам және қоғам» пәні бойынша (орыс тобына) – Б.Ш. Шушпаева, «Адам және қоғам» пәні бойынша (қазақ тобына) – С.Т. Барақбаев. Педаготар сабақтарға шығармашылықпен дайындалды. Барлық сабақтар мен іс-шараларда оқушылар мен ұстаздар белсенді әрі қызықты бірлескен жұмыс түрін көрсетті. Апталық қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Ал сіздер өздеріңізді оқуға күштеу керек екенін білесіңдер ме? Қызықты студенттік өмір, кешкі қыдырулар, түнгі клубтар, «керексіз» пәндерді оқуға ешқадай да қалауыңыз жоқ. «Ертең емтихан, ал оқуға шамаңыз жоқ. Озіңді күштеп оқыта алмайсың». Сіз осыны жиі ойлайсыз ба? Білім ге деген қиын жолды өтуге сізге не көмсектесе алады? Өзіңзді қалай күштеп оқытуға болады? Сіз таң қалуыңыз мүмкін – психологтардың пікірінше өзіңді күштеп оқыту мүмкін емес. Бірақта бұған қарамастан оқытуға ынталандыру әбден мүмкін екендігін айтады. Қалай және немен, талқылап көрейік№ Оқытылатын пәндердің көбі студенттерге керек емес, қажет емес сиақты кеөрінгені соншалықты, олар қандай да бір кішкентай болмасын қалауды жояды. Бірақ бұл жердежақсы жағы – ол оқытылатын пәндердің сан алуандылығы сондай, мамандық иесі болғаннан кейін қай аймақта болмасын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің оқуға деген бірінші қозғаушы күшіңіз болсын. Психологтар кеңесі: ынталандыру.
Оқуға деген қызығушылық оқу не үшін керек екенін түсінбеген жағдайда тез жоғалады. Әрине оқыған адамның болашағы зор, тағы сондай ойлар біздің санамызда қалыптасқан. Бірақта бұл өте жалпылама болып келеді. Нақты нәрсеге көзімізді жеткізейік. Ең бірінші сізге оқу және оқу орны нақты не бере алады. Жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруларды қарастырыңыз – қандай мамандық иелері қажет, олардың жалақысы қандай. Ал мамандығы жоқ жоқ жұмыскерлер қалай жұмыс орнын табаы. Сіздің таңдап алған мамандығыңызға қалай жұмысқа орналасады, оларға қандай жалақы төленеді, олар өз мамандығымен қанағат па, мамандығы бойынша биік лауазымдарға көтерілу мүмкіндігі қандай, осы бағытта дамуыңыз ұшін алып жатқан біліміңіз қаншалықты маңызды екенін біліп алыңыз. Осы жерде барлық түсініксіздіктер артта қалу керек, олай болмаса әрі қарай қарастыру жөн. Психологтар кеңесі: оқуға жағдай жасау. Өзіңізге оқуға деген жағдай жасаңыз. Оқу үшін жағымды орта болу керек. Бірақта барлық оқулықтар сізбен бірге төсекте немесе креслода жайғасу деген сөз емес. Бұндай жағдай оқуға емес тез ұйқтап кетуге жағдайдың болуы. Білім алу үшін жеке бөлме, стол болу керек. Столда керексіз нәрселердің барлығын алып тастаңыз (компьютер, телефон). Кофеге де орын болмауц керек (басқа жерде тамақтанған жөн). Барлық кедергі жасайтын жағадйлар болмауы керек. Егер электро плитаны өшіруге ұмытып кеткен сиақты болсаңыз, барып тексеріп келіңіз. Сіздің санаңыз толығымен білімге бағытталу керек. Егер сізді бір проблема толғандыратын болса, шешімін тауып қана оқуға кірісіңіз. Оқуға бірнеше уақыт бөлгеніңіз жөн, осы уақыт аралығында сізге ештеңе, ешкім кедергі жасамауын өтініңіз. Туысқандарыңызға, достарыңызға осы уақыт аралығында сізді мазамалауыңызды сұраңыз. Психологтар кеңесі: мадақтау. Өзіңізге әрбір оқылған пән үшін мадақтау тәсілін тауып алыңыз.
|