"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1385

28.04.2013ж. студенттердің бойында белсенді өміршең ұстанымдылықты қалыптастыру, қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, халық бірлігінің, мейірімділік пен өзара келісім идеясын үгіттеу мақсатында 1-ші курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстан бірлігі күні» атты мерекелік іс-шара өткіздік, онда студенттер халықтар достығы туралы сөз қозғап, ұлттық билерді көрсетті, әндер шырқады.

 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1487

23.04.2013ж. Қарулы Күштердің беделін арттыру, қазақстандық әскери қызметшілердің бейнесін түсіндіріп тарату мақсатында колледж студенттері Әскери Даңқ мұражайымен бірлесе отырып, Павлодар қ. әскери коммисариат қызметкерлерімен кездесуге және «Отан қорғаушылар – ел тыныштығында» атты көрменің ашылуына қатысты.

 

alt alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1415

2013ж. 23-ші сәуірдеқаржы полициясының инспекторлары Смаилов Әділет пен Төлегенов Диас жемқорлық іс-әрекеттерін түсіндіру мақсатында «Жемқорлық және оның қоғамдық қаупі» тақырыбында 1-ші курстың ЛП 12-9-1 және СМТР 12-9-1 топтарының студенттері алдында дәріс оқыды. Өздерінің ақпараттық баяндамаларында олар жемқорлықтың алдын-алу, онымен қазіргі әлемдегі күрес, нарықтық экономикаға өту барысындағы мемлекеттің жемқорлықпен күресу рөлінің арттыруы туралы мәселелерді қамтыды.

Дәріске 1-ші курстың 56 студенті қатысты.

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1472

18.04.2013ж. «Отбасының өзара іс-әрекет жүйесін оқу-тәрбие үрдісін жаңалау тәсілі ретінде жетілдіру» мақсатында сынып жетекшілеріне арналған оқытушылық семинар өткіздік. Семинарта төмендегі мәселелерді қарастырдық:Отбасы мен колледждің өзара іс-әрекет үрдісінің сараптамасы.        Кумбаева  А.Р. колледж психологы.Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс кезіндегі кәсіби такт ережесі. Жунусова А.Қ. ЛП 12-9-1т. сынып жетек.Педагогтардың, балалардың және ата-аналардың бірлескен өзара іс әрекетін ұйымдастыру.   Шушпаева Б.Ш.,  «Құқық» үйірм. жетек.Соңында сынып жетекшілері ата-аналармен жұмыс жөнінде ұсыныстар алды.