Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 12:20, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1434

2013 жылғы 14 мамырда  ЛП-10-9-1тобыны оқушысы Досмақов Өжет және  СТР-12-11-2 тобының оқушысы Көкішева Алтыншаш ИнЕУ колледжінде өткен ТжКО жүйесіндегі оқу орындарының  арасында  экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша кәсіби қазақ тілінен  II облыстық олимпиадаға қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар  II дәрежелі  орынды  иеленіп,жеңімпаздар атанып. Олар диплом, сертификат және құнды сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар мен  олардың оқытушыларын  Күлжібаева Г.Т. және Баймағамбетова М.Қ. құттықтап, болашақта  жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!


 

 

Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 11:59, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1581

 Адамгершілік-эстетикалық сапаларды қалыптастыру, отбасының құндылықтарын үгіттеу, әйелдердің тең дәрежеде мемлекеттік және қоғамдық өмірге араласуын көрсету әрі салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында машина жасау колледжінде «Әйел отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауындағы сөздерді негізге ала отырып, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар – колледждің студент қыздары, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болды. Өз кезегінде сөз алған қонақтар: Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесі өз қызметін адамның жеке тұлғасының еркінділігі мен конституциялық құқықтарды, заңдылықтарды және жариялылықты сақтау негізінде құрылғандығын айтты. 

 

alt alt
Жаңалық қосты admin1, 15-05-2013, 10:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2372

2015 жыл 30 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында тоғызқұмалақтан 25-ші облыстық спартакиада өтті.
Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 1-ші орынды, қыздар командасы 2 орынды иеленді.

 

 

2015 жыл 23 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында үстел теннисінен 25-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды, қыздар командасы 8 орынды иеленді.

2015 жыл 2 қазанда Павлодар қаласында 2-ші лигадағы колледждер арасында жеңіл атлетикалық алыс қашықтыққа жүгіруден 25-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 3-шы орынды иеленді

 

 2014 жыл 2 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында жеңіл атлетикалық алыс қашықтыққа жүгіруден 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 10-шы орынды иеленді 

 2014 жыл 10 қазанда Павлодар қаласында колледждер арасында тоғызқұмалақтан 14-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 6-ші орынды иеленді. 

 

2014-2015 оқу жылына арналған

спорттық үйірмелер кестесі

Дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы Кожиков А.Қ.

Оқытушының аты-жөні

Үйірме түрі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

1

Кожиков А.Қ.

Үстел теннисі

14.45 - 16.00

 

 

14.45 - 16.00

 

 

Тоғызқұмалақ

 

14.45 - 16.00

 

 

14.45 - 16.00

 

Мини-футбол

Жылы күндері

Жаттығу залы

14.45 - 16.00

 

14.45 - 16.00

 

14.45 - 16.00

 

14.45 - 16.00

 

Қазақстан Республикасының ЖОО-ы арасында өткізілген V-ші Қысқы универсиадада ЛП 12-9-1 тобының студенті Великодный Станислав 105 кг. санатында жарысқа түсіп, пауэрлифтинг бойынша қола жүлдегер атанды және СКШ нормативін орындады.

 

 

Колледжде оқушылардың дене шынықтыруына және «Салауатты өмір салтын» қалыптастыруға көп көңіл бөледі. 
бекітілген жоспарға сәйкес колледжде спорттық іс-шаралар өткізіледі:

а) денсаулық күні;
б) чемпионаттар, біріншіліктер, жарыстар;
в) қаланың басқа оқу орындарының командаларымен жолдастық кездесу;

жыл сайын колледжде мини-футболдан, үстел тенисінен, тоғызқұмалақтан турнирлер мен жарыстар өткізіледі. 
колледжде 7 спорттық үйірме жұмыс істейді, атап айтқанда: үстел теннисі, кір тасын көтеру спорты, бокс, мини футбол, тоғыз құмалақ, оқ ату, бодибилдинг, волейбол.

колледж командасы облыстағы колледждер арасында өтетін облыстық спартакиадаларға, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне, Павлодар облысының 70-жылдығына, ҰОС-тың 65-жылдығына және ҚР Конституциясының 15-жылдығына арналған іс-шараларға қатысып, 26 команданың алғашқы ондығына кіреді. 

 

2013-2014 оқу жылына арналған

Спорт үйірмелерінің кестесі

Оқытушының

аты-жөні

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

 

1

 

Кожиков А.К.

 

 

Үстел теннисі

Тоғызқумалак

 

 

Үстел теннисі

Тоғызқумалак

 

 

Оқпен ату

 

 

 

2

 

Сенкебаев Т.К.

 

Бокс

 

 

Бокс

 

 

Бокс

         Спорт үйірмелері сағат 15.30-дан 17.00-ге дейін жұмыс істейді

 

Павлодар машина жасау колледжі спортшыларының

2013-2014 оқу жылындағы жетістіктері 

2014 жыл 21 – 25 сәуір аралығында Павлодар қаласында 1 лига колледждер арасында кіші футболдан 13-ші облыстық спартакиада өтті. 

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің футбол командасы 3-ші орынды иеленіп, Павлодар облысы білім беру басқармасының грамотасы және медальмен марапатталды. 

Команда ойыншылары: 

Алшымбай Медет - ТМ 13-9-2 тобының оқушысы 

Биболов Мирас - С 41 тобының оқушысы - команда капитаны 

Берік Манас - СТР 12-11-1 тобының оқушысы 

Ермеков Азат - СТР 12-11-1 тобының оқушысы 

Рымбеков Дархан - ЭЭЖ 10-9-1 тобының оқушысы 

Садвокасов Ильяс - СТР 12-11-1 тобының оқушысы 

Тельман Абылайхан - СТР 12-11-1 тобының оқушысы 

Туртулов Аянхан - ТМ 13-9-2 тобының оқушысы 

Шабазов Мархабат - Т 41 тобының оқушысы 



2013 жыл желтоқсанның 9-13 күндері аралығында Павлодар қаласында колледждер арасында баскетболдан 13-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 10-шы орынды иеленді. 

 

2014 жыл 13 ақпанда Павлодар қаласында колледждер арасында шаңғы жарысынан 13-ші облыстық спартакиада өтті. 

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 8-шы орынды иеленді.

 

2014 жыл наурыздың 11-14 күндері аралығында Павлодар қаласында колледждер арасында волейболдан 13-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 7-шы орынды иеленді.

 

2014 жыл 3 ақпан 24 наурыз аралығында Павлодар қаласында «Студентер лигасы» футзалдан қалалық турнир өтті. 

Бұл турнирде Павлодар машина жасау колледжінің командасы 5-шы орынды иеленді.

 

2013 жыл сәуірдің 23 – 27 аралығында Павлодар қаласында колледждер арасында кіші футболдан 12-ші облыстық спартакиада өтті. Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің командасы 4-шы орынды иеленді.

 

2013 жыл 23 қазанда – 1 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында, студенттер арасында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентіне арналған кіші футболдан мерекелік турнир өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің футбол командасы 1-ші орынды иеленіп, Павлодар қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімінің грамотасымен марапатталды.

Команда ойыншылары: 

alt

 

Рымбеков Дархан ЭЭЖ 10-9-1 тобының оқушысы –  команда капитаны, Бекишев Даулен ЭЭЖ 10-9-1 тобының оқушысы, Садвокасов Ильяс СТР 12-11-1 тобының оқушысы, Тельман Абылайхан СТР 12-11-1 тобының оқушысы, Алшымбай Медет ТМ 13-9-2 тобының оқушысы, Кужиртаев Адлет ЛП 13-9-1 тобының оқушысы - қақпашы, Умерзаков Кабылбек ЭЭЖ 12-9-1 тобының оқушысы 1, Базаргельдинов Олжас ЭЭЖ 12-9-1 тобының оқушысы, Биболов Мирас С 41 тобының оқушысы, Айтжанов Абай СТР 13-11-1 тобының оқушысы

alt

 

2012 жыл 28 қыркүйекте Павлодар қаласында XXX Олимпиада ойындарына арналған колледждер арасында жеңіл атлетикалық алыс қашықтыққа жүгіруден 12-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің ұлдар командасы 9-шы, қыздар командасы 15-ші орынды иеленді.

 

2012 жыл 11 қазанда Павлодар қаласында XXX Олимпиада ойындарына арналған колледждер арасында тоғызқұмалақтан 12-ші облыстық спартакиада өтті.

Бұл жарыста Павлодар машина жасау колледжінің қыздар командасы 2-ші , ұлдар командасы 7-шы орынды иеленді. 

 

Аубакиров Талгат 1994 ж.т. СТР 12-11-2 тобының оқушысы, № 2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде баскетбол үйірмесіне қатысады. Аубакиров Т. ойнайтын команда ҚР бірнеше дүркін чемпионы болды.

alt

 

Садвокасов Ильяс 1994 ж.т. СТР 12-11-1 тобының оқушысы, колледжде үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футбол, баскетбол үйірмелеріне қатысады. 

alt

 

Кабезов Максат 1993 ж.т. ТОТ 09-9-1 тобының оқушысы, «Иртыш» дублер футбол командасында ойнайды. Бұдан басқа колледждің кіші футбол, волейбол және баскетболдан негізгі командада ойнайды.

alt

 

Каиржанова Гульжамал 1992 ж.т. СТР 09-9-1 тобының оқушысы, тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысады. 2012 жылдың қазан айында 12-ші облыстық колледждер арасында өткен тоғызқұмалақ сайысында, қыздар арасында 2-ші орынды иеленді.

alt

 

Кульболдинов Данияр 1994 ж.т. СТР 12-11-2 тобының оқушысы,

баскетбол үйірмесіне қатысады.

alt

 

Тимофеева Татьяна 1994 ж.т. СТР 12-11-2 тобының оқушысы, көркем гимнастикадан Спорт шебері. «Нептун» спорт кешенінде көркем гимнастикадан үйірмеге қатысады. Бірнеше дүркін ҚР чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық турнирлердің жүлдегері.

2012 жыл, қазанның 14-18 аралығында Шымкент қаласында өткен көркем гимнастикадан республикалық жарыста Алтын, Күміс, Қола медальдарының иегері. 

alt

  

Кайдаров Талгат 1994 ж.т. СТР 12-11-2 тобының оқушысы, колледжде үстел теннисі,

футбол үйірмелеріне қатысады. 

alt
  

Кайдаров Канат 1994 ж.т. СТР 12-11-2 тобының оқушысы, колледжде тоғызқұмалақ, баскетбол үйірмелеріне қатысады. 

alt
  
Пирогов Валерий 1993 ж.т. ЭЭО 10-11-1 тобының оқушысы, колледжде тоғызқұмалақ, баскетбол үйірмелеріне қатысады. 
alt
    

Рудько Темирлан 1994 ж.т. ТМ 10-9-1 тобының оқушысы, колледжде үстел теннисі,

баскетбол, волейбол, футбол үйірмелеріне қатысады. 

 

alt
Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1498

28.04.2013ж. студенттердің бойында белсенді өміршең ұстанымдылықты қалыптастыру, қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, халық бірлігінің, мейірімділік пен өзара келісім идеясын үгіттеу мақсатында 1-ші курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстан бірлігі күні» атты мерекелік іс-шара өткіздік, онда студенттер халықтар достығы туралы сөз қозғап, ұлттық билерді көрсетті, әндер шырқады.

 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:25, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1626

23.04.2013ж. Қарулы Күштердің беделін арттыру, қазақстандық әскери қызметшілердің бейнесін түсіндіріп тарату мақсатында колледж студенттері Әскери Даңқ мұражайымен бірлесе отырып, Павлодар қ. әскери коммисариат қызметкерлерімен кездесуге және «Отан қорғаушылар – ел тыныштығында» атты көрменің ашылуына қатысты.

 

alt alt alt

 

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1522

2013ж. 23-ші сәуірдеқаржы полициясының инспекторлары Смаилов Әділет пен Төлегенов Диас жемқорлық іс-әрекеттерін түсіндіру мақсатында «Жемқорлық және оның қоғамдық қаупі» тақырыбында 1-ші курстың ЛП 12-9-1 және СМТР 12-9-1 топтарының студенттері алдында дәріс оқыды. Өздерінің ақпараттық баяндамаларында олар жемқорлықтың алдын-алу, онымен қазіргі әлемдегі күрес, нарықтық экономикаға өту барысындағы мемлекеттің жемқорлықпен күресу рөлінің арттыруы туралы мәселелерді қамтыды.

Дәріске 1-ші курстың 56 студенті қатысты.

Жаңалық қосты admin1, 6-05-2013, 12:24, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1596

18.04.2013ж. «Отбасының өзара іс-әрекет жүйесін оқу-тәрбие үрдісін жаңалау тәсілі ретінде жетілдіру» мақсатында сынып жетекшілеріне арналған оқытушылық семинар өткіздік. Семинарта төмендегі мәселелерді қарастырдық:Отбасы мен колледждің өзара іс-әрекет үрдісінің сараптамасы.        Кумбаева  А.Р. колледж психологы.Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс кезіндегі кәсіби такт ережесі. Жунусова А.Қ. ЛП 12-9-1т. сынып жетек.Педагогтардың, балалардың және ата-аналардың бірлескен өзара іс әрекетін ұйымдастыру.   Шушпаева Б.Ш.,  «Құқық» үйірм. жетек.Соңында сынып жетекшілері ата-аналармен жұмыс жөнінде ұсыныстар алды.

Жаңалық қосты admin1, 2-05-2013, 10:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1913

Колледж өмірінен бір апта

 

Павлодар машина жасау колледжіндегі жалы білім беру мен қоғамдық пәндер апталығы «Білім – күш, ал қозғалыс – өмір» деген жалпы атаумен 15-19 сәуір аларығында өтті. Бұл іс-шара студенттерді ғылыми жұмыстарға қатыстыру, олардың мүмкіндіктерін ашу мақсатында жыл сайын өткізіледі. Ол оқушылардың жаңа білімдер жинақтауына мүмкіндіктер береді.

 

Бірінші күні физика пәнінің оқытушысы Ғ.М. Сүлейменова 1-ші курс оқушыларының арасында Космонавтар күніне арналған қызықты космостық конференция өткізді.

Әрі қарай эстафетаны математика, информатика және химия пәндерінің оқытушылары жалғастырды. Педагогтар Ж.Т. Жанкаринова, С.С. Калимова және Ж.Т. Кульшманова «Өз ойының» атты интеллектуалдық ойынды дайындады әрі өткізді. Оқушылар сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап беріп отырды. Бірінші курс студенті Ержан Молдағалиев ең білімді студент деп танылды.

Интеллектуалық марафонға жалын мен жарыс рухын дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Қ. Кожиков пен М.К. Сирлибаев ұйымдастырған «Көңілді старттар» сайысы қосты.

Мемлекеттік тілде оқитын топта Қазақстан тарихы пәні бойынша «Миллион кімге бұйырады» атты қызықты викторинаны қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаев өткізді. «Электрлік, электрмеханикалық жабдықтары» мамандығы бойынша білім алатын ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Жотаев Серік тарих білгірі атанды.

Пәндік апталық барысында қызықты, интербелсенді ашық сабақтар өткізілді: фихика пәні бойынша – оқытушы Ғ.М. Сүлейменова, «Адам және қоғам» пәні бойынша (орыс тобына) – Б.Ш. Шушпаева, «Адам және қоғам» пәні бойынша (қазақ тобына) – С.Т. Барақбаев. Педаготар сабақтарға шығармашылықпен дайындалды.

Барлық сабақтар мен іс-шараларда оқушылар мен ұстаздар белсенді әрі қызықты бірлескен жұмыс түрін көрсетті. Апталық қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. 

alt alt alt

Жаңалық қосты admin1, 2-05-2013, 10:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2674

Ал сіздер өздеріңізді оқуға күштеу керек екенін білесіңдер ме?

         Қызықты студенттік өмір, кешкі қыдырулар, түнгі клубтар, «керексіз» пәндерді оқуға ешқадай да қалауыңыз жоқ. «Ертең емтихан, ал оқуға шамаңыз жоқ. Озіңді күштеп оқыта алмайсың». Сіз осыны жиі ойлайсыз ба? Білім ге деген қиын жолды өтуге сізге не көмсектесе алады? Өзіңзді қалай күштеп оқытуға болады?

         Сіз таң қалуыңыз мүмкін – психологтардың пікірінше өзіңді күштеп оқыту мүмкін емес. Бірақта бұған қарамастан оқытуға ынталандыру әбден мүмкін екендігін айтады. Қалай және немен, талқылап көрейік№ Оқытылатын пәндердің көбі студенттерге керек емес, қажет емес сиақты кеөрінгені соншалықты, олар қандай да бір кішкентай болмасын қалауды жояды. Бірақ бұл жердежақсы жағы – ол оқытылатын пәндердің сан алуандылығы сондай, мамандық иесі болғаннан кейін қай аймақта болмасын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл сіздің оқуға деген бірінші қозғаушы күшіңіз болсын.

         Психологтар кеңесі: ынталандыру.

alt

Оқуға деген қызығушылық оқу не үшін керек екенін түсінбеген жағдайда тез жоғалады. Әрине оқыған адамның болашағы зор, тағы сондай ойлар біздің санамызда қалыптасқан. Бірақта бұл өте жалпылама болып келеді. Нақты нәрсеге көзімізді жеткізейік. Ең бірінші сізге оқу және оқу орны нақты не бере алады. Жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруларды қарастырыңыз – қандай мамандық иелері қажет, олардың жалақысы қандай. Ал мамандығы жоқ жоқ жұмыскерлер қалай жұмыс орнын табаы. Сіздің таңдап алған мамандығыңызға қалай жұмысқа орналасады, оларға қандай жалақы төленеді, олар өз мамандығымен қанағат па, мамандығы бойынша биік лауазымдарға көтерілу мүмкіндігі қандай, осы бағытта дамуыңыз ұшін алып жатқан біліміңіз қаншалықты маңызды екенін біліп алыңыз. Осы жерде барлық түсініксіздіктер артта қалу керек, олай болмаса әрі қарай қарастыру жөн.

         Психологтар кеңесі: оқуға жағдай жасау. Өзіңізге оқуға деген жағдай жасаңыз. Оқу үшін жағымды орта болу керек. Бірақта барлық оқулықтар сізбен бірге төсекте немесе креслода жайғасу деген сөз емес. Бұндай жағдай оқуға емес тез ұйқтап кетуге жағдайдың болуы.  Білім алу үшін жеке бөлме, стол болу керек. Столда керексіз нәрселердің барлығын алып тастаңыз (компьютер, телефон). Кофеге де орын болмауц керек (басқа жерде тамақтанған жөн). Барлық кедергі жасайтын жағадйлар болмауы керек. Егер электро плитаны өшіруге ұмытып кеткен сиақты болсаңыз, барып тексеріп келіңіз. Сіздің санаңыз толығымен білімге бағытталу керек. Егер сізді бір проблема толғандыратын болса, шешімін тауып қана оқуға кірісіңіз. Оқуға бірнеше уақыт бөлгеніңіз жөн, осы уақыт аралығында сізге ештеңе, ешкім кедергі жасамауын өтініңіз. Туысқандарыңызға, достарыңызға осы уақыт аралығында сізді мазамалауыңызды сұраңыз.

         Психологтар кеңесі: мадақтау. Өзіңізге әрбір оқылған пән үшін мадақтау тәсілін тауып алыңыз.

 

alt