Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 6-04-2016, 11:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1278

2016 жылы 6 сәуірде КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» бірінші курс оқушыларының қатысуымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің беделді және ұлы Қазақстан» ұлтжандылық акция-концерті болып өтті. Бұл шара студенттерді қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа тәрбиелеуге, Отанымызды мақтан тұтуға, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған.

 

Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

Жаңалық қосты admin1, 28-03-2016, 17:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1950

2016 жылы 28 наурызда Б.Т. Адуова ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің елім» атты викторина өткізді. Іс-шараға «Шаңырақ» және «Бірлік» командалары қатысты. Сайыс барысында «Шаңырақ» командасы Республикамыздың қалыптасу тарихы бойынша өздерінің терең білімдерін көрсетіп, жеңіске жетті.

 

Жаңалық қосты admin1, 22-03-2016, 17:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1400

Көктем келді, Наурыз бізді өзінің керемет іс-шараларымен қуанышқа бөледі. Мерекелік іс-шараға көптеген оқушылар қатысты. Жаңа жиын топтары 14 наурызда «Шеберлер ауылы» мерекелік көрінісін ұйымдастырып, дастархан жайды, концерттік нөмірлер мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетті. 15 наурызда барлық курстарда «Наурыз көктем тынысы» сынып сағатын өткіздік, 17 наурызда ТМ-13-9-1 және ТМ -14 -11-1 топтары «Елімнің ырысы – Наурыз» мерекелік концертін ұйымдастырды. 25 – 27 наурыз аралығында «Кенесары» клубының мүшелері Наурыз мерекесіне орай бокстан өткізілген халықаралық жарысқа қатысып, 2 және 3 орындарды иеленді.

 

Жаңалық қосты admin1, 11-03-2016, 16:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1329

2016 жылы 11 наурызда болашақ құрылысшылар тобының шығарылымы болды, мерекелік түрде ата-аналар мен оқытушылардың қатысуымен колледждің түлекетріне дипломдар табысталып, белсенді әрі үздік түлектерге грамоталар және олардың ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Іс-шара әрі қарай колледж студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Колледж директоры оқу үздіктеріне дипломдар табыстады.

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 7-03-2016, 16:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1459

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында колледжде әр түрлі іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда: «Әйел – Ана, Әйел – Ару» кітап көрмесі, 8 наурыз – әйелдер күні сынып сағаты. 4 наурызда оқушылар безендірілген плакаттар дайындап, колледждегі әйелдер ұжымын гүлдермен қарсы алды және ЛП – 14-9-1,  ТОРА – 14-9-1 топтарының оқушылары мерекелік концерт дайындады.

 

Жаңалық қосты admin1, 29-01-2016, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1666

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында қазақстандық ұлтжандылықты қалыптастыру, тұрақты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет жөнінде Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында колледжде бірқатар іс-шаралар өткізілді:

2016 жылы 26 қаңтарда Бұхар Жырау мұражайының қызметкерлерін шақырумен «Еркіндік пен ар-намыс белгілері» тақырыбында мұражай сабағы өткізілді, онда біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихы туралы айтылып, бейнефильмдер көрсетілді және халық әндері орындалды. Іс-шара қызықты өтіп, оқушылар өздеріне қажетті көптеген қызықты материалдарды алды.

 

2016 жылы 28 қаңтарда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына арналған «Мәңгілік ел, біздің абыройлы және ұлы Қазақстан» атты ұлтжандылық акция – концерті өткізілді. Бұл іс-шара қазақстандық ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, толеранттылыққа, Отанымызды мақтан тұтуға тәрбиелеуге, ой-өрісті кеңейтуге бағытталған. Акцияға шақырылған қонақтардың: «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Б.Ш. Шушпаева мен колледждегі «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Н. Қапашевтің сөз сөйлеуі.

 

2016ж. 29 қаңтарда П. Васильев атындағы кітапханамен бірлесе отырып «Тәуелсіздік – бұл еркіндік, бақыт» тақырыбында кітапхана сабағын өткіздік, онда кітапхана қызметкерлері ҚР рәміздері туралы атты.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-01-2016, 11:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1350

 Мемлекеттік қызмет көрсету

Регламент. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
Стандарт.  Регламент Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
Паспорт. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты 
«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты
«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша консультациялық көмек беру үшін

мамандардың телефон номерлері

 

                                      Қызмет атауы

     телефон

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»

8-7182-55-86-09

«Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

8-7182-55-46 -90

 «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

8-7182-55-38-11

 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» 

8-7182-55-46-90

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»

8-7182-55-38-11

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»

8-7182-55-46-90

 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының  педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» 

8-7182-55-46-90

Жаңалық қосты admin1, 29-12-2015, 11:55, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1497

 2015 жылы 28 желтоқсанда колледжде 1 және 2 курс оқушыларына арналған Жаңа жыл – шоуын өткіздік, іс-шарада қызықты бағдарламалар, ойындар, билер Аяз ата мен ақшақардың әзілдері болды. Колледж директоры Қаирбаев Қ.А. жетім-балаларды жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар табыстады.

 

Колледждің кәсіподақ пен жастар комитеті қызметкерлердің балаларына арналған таңертеңгілік ұйымдастырды. Балалар Аяз атаның қолынан сыйлықтар алды.

 

Жаңалық қосты admin1, 28-12-2015, 09:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1367

Студенттік кеңестің белсенділері «Жастық махаббат» тақырыбында лирикалық поэзия кешін өткізді. Балалар өлеңдер оқып, соңында осы тақырыпта суреттер салды.

 

Алдағы 2016ж. дайындалып ,келесі іс-шараларды өткіздік:Бөлмелерді мерекеге сай безендірдік

Кеш ұлдар мен қыздардың жаңа жылдық биімен ашылды

 

 Колледж оқытушыларына шырша түрінде мерекелік сыйлықтар дайындадық. Жаңа жылды мерекелеу және жаңа жылдық би кеші. Кеш көңілді әрі қызықты өтті. Барлық қатысушылар сыйлықтармен және кәмпиттермен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 24-12-2015, 10:09, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1705

          Орта кәсіптік оқу мекемелерінің студенттері арасындағы IІ-ші облыстық полилингвалды олимпиада КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» базасында Павлодар облысының Білім басқармасының қолдауымен 2015 жылы 24 желтоқсанда екі бағыт бойынша: арнайы және әр түрлі мамандықта білім алатын студенттер арасында өткізілді.

 

      Осы олимпиаданың мақсаты:

- студенттерді халықаралық деңгейдегі коммуникативтік және білім беру кеңістігіне шығару әрі оларды халықаралық мәдени-тарихи кеңістікке бағыттау;

- оқушылардың санасына қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын, неміс тілдерін халықаралық коммуникациялық тіл ретінде шығармашылық деңгейде меңгерудің тәжірибелік құндылықтарын сіңдіруге атсалысу;

- студенттердің жалпы мәдени дамуы мен өздік білім алуына пәнаралық байланыстары бар тілдерді меңгеруге жағдай жасау.

Олимпиадаға келесі колледждер қатысты: Павлодар көлік және коммуникация колледжі, Павлодар сервис және тамақтану колледжі, Павлодар бизнес колледжі, Павлодар қызмет көрсету колледжі, Ақсу қара металлургия колледжі, Қашыр аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар мұнай-газ колледжі, Павлодар Қазтұтынуодағының экономикалық колледжі, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, Успен аграрлық-техникалық колледжі, Павлодар құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Павлодар инновациялық көпсалалық колледжі, Павлодар басқару колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі, Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжі, Павлодар химикалық-механикалық колледжі, ИНеУ колледжі, Екібастұз ИНеУ-і.

   Олимпиадаға қатысуға 32 студент өтініш білдірді: олардың 26 студенті әртүрлі мамандық ал 6 студент арнайы бағыттағы мамандық бойынша.

   Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын келесі әділ-қазылар бағалады, оның құрамына: әділ-қазылар төрағасы ПМПИ профессоры Р.Ж. Саурбаев, комиссия мүшері – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.О. Әбдіразақова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Абдрахманова Ғайни Зекенқызы, ТжКО оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Ж. Қалиева кірді.

    Қорытындыларды шығару мен қатысушыларды марапаттау олимпиада өткізілген күні мерекелік жағдайда өтті.

    Олимпиада қорытындысы бойынша әртүрлі мамандықтарда білім алатын студенттер арасында орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын Диягер Ирина  (жетекші Қасым К.З. қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Мұстафин Е.Е. ағылшын тілі пәнінің оқытушысы), Павлодар бизнес колледжі;

1 орын Сұлтанәлиева Әзиза (жетекші Кәрібаева Г.И.), Павлодар технологиялық колледжі;

2 орын  Садықов Нұрлан (жетекші Арынова Р.Е.) Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі;

3 орын Оразалы Айжан (жетекші Ерсін А. Хамитова А.С ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, Күлжібаева Г.Т қазақ тілі пәнінің оқытушысы) Павлодар машина жасау колледжі;

3 орын Жамағат Гүлжан (жетекші Жақтай А. М. қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Куркина К.З орыс тілі пәнінің оқытушысы, Иманшәріпова А.Ж ағылшын тілі пәнінің оқытушысы) Павлодар  бизнес колледжі;

    Арнайы бағыттағы студенттер арасында бір 3-ші орын тағайындалды Озыхан Ұлжан (жетекші Ахметова Г.К) Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі.

       Қатысушылардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Жеке біріншіліктегі жүлдегерлерге 1,2, және 3 дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Полилингвалды олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

II-ші областық полилингвалдық олимпиада өте жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті. Қатысушылар мен оқытушылар олимпиада ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.