|
|
| | РУС |
|
|
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.
Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.
Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.
Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ христоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған.
Олардың қатарына «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» сияқты тағы да басқа туындыларын жатқызуға болады. Бұл өлеңдерінде биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті, ескілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал еңбектің адамгершілік мінез-құлықтың артықшылықтарын бейнелейді.
«Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Жазушының адамгершілік туралы идеялары эстетикалық тәрбиемен байланыста, бірімен-бірі ұштастырыла суреттеліп отырады.
Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.
Ұлт ұстазы біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы – халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар болды.
|
|
Жаңалық қосты admin1, 8-02-2021, 17:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 337
|

|
Жаңалық қосты admin1, 29-12-2020, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 558
|
|
Жаңалық қосты admin1, 15-12-2020, 09:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 809
|
|
Жаңалық қосты admin1, 4-12-2020, 14:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 724
|
7 желтоқсанда "Саналы ұрпақ" жобасын жүзеге асыру аясында және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Машина жасау колледжінің "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері «Жемқорлыққа жол жоқ!» челенджін ұйымдастырды.
Іс - шараның басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: парасаттылық, адалдық, әділдік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде төзбеушілік.
|
Жаңалық қосты admin1, 26-11-2020, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 792
|
|
Жаңалық қосты admin1, 25-11-2020, 19:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 867
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Павлодар машина жасау колледжінде "Саналы ұрпақ" клубының белсенділерімен 2020 жылғы 16-23 қараша аралығында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» плакаттар байқауы өткізілді. Бұл байқауға барлық курстардың студенттері қатысты және бұл жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық, адалдық, мәдениет және әділеттілік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.
Ең үздік жұмыстар: Байбаева Максим – 1 орын, Шленчак Игорь – 2 орын, Кенжетаева Айсұлу – 2 орын, Сұраған Майгүл – 3 орын, Сұңқарбек Сабина – 3 орын, Нарожной Анастасия – 3 орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Балалар, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз, оқуда табыс және шығармашылық шабыт тілейміз!
|
Жаңалық қосты admin1, 25-11-2020, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 732
|
|
Жаңалық қосты admin1, 2-11-2020, 10:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 709
|

АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.
Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.
А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.
Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.
Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.
А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.
Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
«Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.