"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 8-02-2021, 17:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 240

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 29-12-2020, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 354

Жаңалық қосты admin1, 15-12-2020, 09:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 514

«Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

 

Жаңалық қосты admin1, 4-12-2020, 14:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 385

 

 

 

7 желтоқсанда "Саналы ұрпақ" жобасын жүзеге асыру аясында және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Машина жасау колледжінің "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері «Жемқорлыққа жол жоқ!» челенджін ұйымдастырды.

Іс - шараның басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: парасаттылық, адалдық, әділдік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде төзбеушілік.

Жаңалық қосты admin1, 26-11-2020, 14:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 516

 

Жаңалық қосты admin1, 25-11-2020, 19:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 487

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Павлодар машина жасау колледжінде "Саналы ұрпақ" клубының белсенділерімен 2020 жылғы 16-23 қараша аралығында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» плакаттар байқауы өткізілді. Бұл байқауға барлық курстардың студенттері қатысты және бұл жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық, адалдық, мәдениет және әділеттілік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

    Ең үздік жұмыстар: Байбаева Максим – 1 орын, Шленчак Игорь – 2 орын, Кенжетаева Айсұлу – 2 орын, Сұраған Майгүл – 3 орын, Сұңқарбек Сабина – 3 орын, Нарожной Анастасия – 3 орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Балалар, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз, оқуда табыс және шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Жаңалық қосты admin1, 25-11-2020, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 480

 

Жаңалық қосты admin1, 2-11-2020, 10:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 440

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/021120-antikor.jpg

АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кезекті онлайн «Адалдық сағатын» аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткізді.

Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгеннен бастаған.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Сұхбат барысында атақты спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбында ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды.

Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп атап өтті.

А. Назаров жастардың кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығып жатқанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағат дайындыққа уақыт бөлгенде, мен одан екі есе көп жұмыс жасадым» деді.

Бүгінде әлем чемпионы – көпшілік үшін үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

«Адалдық сағаты» акциясы аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жұмыстары жалғастырылатын болады.

 

Жаңалық қосты admin1, 20-10-2020, 16:02, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 384

20-21 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің бастамасымен колледжде «Бауыржан Момышұлы: ар-намыс және ерлік – батырлықтың белгілері» тақырыбында кезекті онлайн парасаттылық сабағы өткізілді.

Онлайн-дәріс барысында студенттер Ұлы полк командирінің ерліктері мен өмірлік ұстанымдары туралы тағы да еске алды.

Бауыржан Момышұлының мұрасы батырлыққа, тәртіп пен патриотизмге толы, оның өмірі адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарына негізделген.

Біз осы құндылықтарды жас ұрпаққа сіңіре отырып, сыбайлас жемқорлық орын алмайтын, адамгершілігі жоғары адами қасиеттер мен адал еңбек құнды болатын ізгі қоғам құруға болатынына сенімдіміз.

 

Жаңалық қосты admin1, 1-09-2020, 12:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 373