"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» плакаттар байқауы
Жаңалық қосты admin1, 25-11-2020, 19:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 489

  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Павлодар машина жасау колледжінде "Саналы ұрпақ" клубының белсенділерімен 2020 жылғы 16-23 қараша аралығында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» плакаттар байқауы өткізілді. Бұл байқауға барлық курстардың студенттері қатысты және бұл жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық, адалдық, мәдениет және әділеттілік, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.

    Ең үздік жұмыстар: Байбаева Максим – 1 орын, Шленчак Игорь – 2 орын, Кенжетаева Айсұлу – 2 орын, Сұраған Майгүл – 3 орын, Сұңқарбек Сабина – 3 орын, Нарожной Анастасия – 3 орын. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Балалар, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз, оқуда табыс және шығармашылық шабыт тілейміз!

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» плакаттар байқауы