|
Жаңалық қосты admin1, 9-01-2026, 15:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1
|
|
Павлодар машина жасау колледжінде "Таза қолдар" акциясы өтті
Емтихан сессиясы аясында Павлодар машина жасау колледжінде білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған "Таза қолдар" акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында профилактикалық әңгіме өтті. Білім алушыларға адалдық, жауапкершілік және әділдік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы, әсіресе емтихан тапсыру кезеңінде еске салынды.
Оқытудағы жетістікке тек өз білімімен және еңбегімен қол жеткізу керек, ал сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол берілмейтінін түсіндіруге ерекше назар аударылды.
"Таза қолдар" акциясы жастардың құқықтық мәдениетін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Адал білім-табысты болашақтың кепілі!

dle
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам
зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Акция «Чистые руки»