|
|
| | РУС |
|
|
|
|
Жаңалық қосты admin1, 15-02-2021, 15:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 573
|
ЖАДНАМА
СТРЕССТІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ МНЕ ТӘСІЛДЕРІ

Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).
Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу, жүйке және энергияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?
Бақымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңідің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдалаңыз.
Есіңізде болсын! Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.
|
Жаңалық қосты admin1, 13-02-2021, 22:16, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 319
|
Павлодар машина жасау колледжінде барлық топтарда «Коронавирустың сақтық шаралары» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

|
Жаңалық қосты admin1, 12-02-2021, 15:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 658
|
«АСЫЛ ЖҮРЕК» ФОТОКӨРМЕСІ
«Өзін-өзі тану және психология апталығы» онкүндігі аясында 04.02-12.04.2021ж.ж. аралығында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, студенттерді өзара көмекке, зейінділікке, қайырымдылық пен жанашырлыққа тарту мақсатында «Асыл жүрек» фотокөрмесі өткізілді. Шараға 1-4 курстың барлық студенттері белсенді қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша 1 орын ЛП 17-9-1; 2 орын өзара ЛП 19-9-1 және ЭМОП 20-9-1 бөлісті;
3 орынды ЭМОП 19-9-1 және ТОРА 19-9-1 топтары иеленді.
|
Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 494
|
Павлодар машина жасау колледжінде
«Интернеттегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы»
тақырып бойынша онлайн – кездесу

2021 жылдың 10 ақпанында бірінші курстардың ата-аналарын психо-профилактикалық ағарту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жасөспірімдер мен жастар арасында тәуелді (ойын мен компьютерге) мінез-құлықтың қалыптасуының алдын алу мақсатында колледж психологының ата-аналармен «Интернет желісіндегі жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында бірінші курс студенттерінің ата-аналары арасында кездесуі өтті.
Ата-аналар онлайн кездесуде интернет-тәуелділік белгілерімен, кибербуллинг ұғымымен, интернет-технологиялар көмегімен іске асырылатын және қорлау, бопсалау, қорқыту, жала жабу, қысым көрсету түрінде түрлі нысандарда көрініс табатын тәсілдермен танысты. Сондай-ақ, сұрақтар қарастырылып, ата-ананың «тәуелділікке қарсы» көзқарастарды қалыптастырудағы рөлі, интернеттегі баланың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру үшін қажетті психологиялық дағдыларды дамыту туралы ұсыныстар берілді.
Егер ата-аналар баласының мінез-құлық және эмоционалды саласындағы өзгерістерді тапса, кімге және қайда көмек сұрау туралы ақпарат алды.
Педагог-психолог: Сарсекеева Ш.К.
|
Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 10:01, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 488
|
Интернет құрбандарына кімдер ілігеді?

Ғаламтор бұзақыларының құрығына кез келген бала ілігуі мүмкін. Кейбір
балалар мектепте тым қатыгездік танытады. Олар өздерінің қылығын ерсі деп
санамайды да. Өкінішке қарай, өз замандастарының мазағына айналған
балалар әр сыныпта кездеседі. Егер бұрын бұзақылардың әрекеті жеке басқа
тиісу, келемеждеумен шектелсе, қазір жағдай әлдеқайда күрделене түсті.
Кибербұзақылар өз құрбандарын тек желіде, компьютерде отырып аңдиды
деу – қате түсінік. Керісінше, қазір жеткіншектер ұялы телефонның күшін
асыра пайдаланады. «Құрбандарын» келемеждеп видеоға түсіру, оны желіге
салу, өз араларында тарату белең алды. Әрі қазіргі телефонда қажеттінің бәрі
бар, өзі шағын, жасыруға да ыңғайлы.
Өзге замандасынан қорлық көрген бала бұл туралы ешкімге тіс жарғысы
келмейді. Тіпті тәрбиелі отбасынан шыққан баланың өзі әке-шешесіне қанша
сенім артса да айтқысы келмейді. Ата-анам алдындағы «беделіме» нұқсан
келеді, мені әлжуаз деп санайды деп намыс көреді. Әсіресе ересектеу бала
өзгенің мазағына айналса, қиын. Ол болған жайды отбасынан жасырып қана
қоймай, мінез-құлқына да өзгеріс кіріп, құрдастарымен араласудан
қашқақтап, өзімен өзі тұйықтала түседі.

Сонымен, баланың интернет құрбаны болғанын қалай білеміз?
|
Жаңалық қосты admin1, 11-02-2021, 09:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 504
|
ҰСЫНЫСТАР
Интернеттегі қауіпсіз жұмысты ұйымдастыру туралы
ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған
Бейнесюжет: «Ғаламтор желісінде қауіпсіз жұмыс жасауды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған ұсынымдар»
БАЛАНЫҢ СЕНІМІНЕ КІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒАЛАМТОРДАҒЫ
ІСТЕРІНЕН ХАБАРДАР БОЛУ

Ғаламтор желісіндегі мінез-құлық туралы жасөспірімдердің ата-аналарына арналған кеңестер»
|
Жаңалық қосты admin1, 8-02-2021, 17:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 318
|

|
Жаңалық қосты admin1, 8-02-2021, 16:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 408
|
6 ақпанда «Атлас» мамандықтары бойынша қазақстандық ғылыми зерттеу интернет-журналы
«Болашақтың болашағы бар мамандықтары: ақылды шахталар және жаңа энергия» тақырыбында
тікелей эфир өткізді, оған колледждің бітіруші топ студенттері қатысты. Отырыстың спикері әдіскер,
мұнай-газ, энергетика және тау-кен металлургия өнеркәсібі атласының бастығы Олег Мецик, ал
модератор - электронды журналистика, PR және маркетинг мамандығында оқитын студент Салтанат.
Тікелей эфир болашақ мамандар үшін өте мазмұнды және пайдалы болды.

|
Жаңалық қосты admin1, 8-02-2021, 14:40, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 362
|
Бірінші курстың сынып жетекшілеріне арналған ұсыныстар:
Бірінші курстың екінші оқу семестрінде сынып жетекшісі колледж өмірінің әртүрлі аспектілеріне қанағаттану мәселесі бойынша топ студенттеріне сауалнама жүргізе алады.
Сіз қанағаттанасыз ба:
(Иә – онша емес – жоқ)
- оқу пәндерінің жиынтығымен және мазмұнымен?
- оқу процесін ұйымдастырумен?
- қысқы сессиядағы нәтижелеріңізбен?
- оқыту сапасымен?
- оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілумен?
- аудиториялардың техникалық жабдықталуымен?
- мұғалімдермен қарым-қатынаспен?
- топтағы қатынастармен?
- колледждегі тұрмыстық жағдаймен?
- колледждегі тамақтану шарттарымен?
- толыққанды демалысқа арналған жағдаймен?
- колледждегі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырумен?
- спортпен айналысу мүмкіндіктерімен?
- көркем шығармашылықтың мүмкіндіктерімен?
Нәтижелерді талдағаннан кейін,
сынып жетекшісі топ студенттерінің бейімделуі
дәрежесін біле алады
Психологиялық тәжірибеде бейімделу кезеңінде қолдануға ұсынылатын көптеген практикалық әдістер бар. Олардың бірі-сенімділік пен агрессивтілік дәрежесі бойынша мінез-құлықты саралау кестесін қолдана отырып, мінез-құлықты бақылау әдісі:
|
Сенімсіз мінез-құлық |
Агрессивті мінез-құлық |
Сенімді мінез-құлық |
|
Белсенді тұлға ретінде |
Белсенді тұлға ретінде |
Белсенді тұлға ретінде |
|
Өз мүдделерін кемсітеді. Ол жан ауруы мен мазасыздықты сезінеді. |
Басқалардың мүдделерін кемсітеді. Өз сезімдерін басқалардың сезімдерін бұзу арқылы білдіреді. |
Өзіне риза. Өз сезімдерін білдіреді. Қанағат сезімін сезінеді. |
|
Өзінің ыңғайсыздығын және көңіл толмаушылығын сезеді. |
Басқалар үшін шешеді. Ол басқалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, қалаған мақсатына жетеді. |
Қажетті мақсатқа жетуі мүмкін. Өзі үшін таңдау жасайды. |
|
Мінез-құлық бағытталған адам ретінде |
Мінез-құлық бағытталған адам ретінде |
Мінез-құлық бағытталған адам ретінде |
|
Кінә мен ашу сезімін сезінеді |
Реніш пен қорлау сезімдерін сезінеді |
Қанағаттану сезімін сезінеді |
Педагог-психолог: __________ Сарсекеева Ш.К.