|
| | РУС |
|
Павлодар машина жасау колледжінде 2022 жылғы 17-18 наурыз аралығында 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша 4-курс студенттерінің, оқытушы А. И. Гришинаның жетекшілігімен "Автокөлік құралдарын жөндеу" пәні бойынша ТОРА 18-9-1 тобының курстық жобалары қорғалды. Студенттер өз жобаларында автокөлік құралдарын жөндеу бойынша: дөңгелектер мен шиналарды қалпына келтіру бойынша, карбюраторларды, автомобильдердің агрегаттық учаскелерін жөндеу бойынша, дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерін жөндеу бойынша учаскелерді, жүріс бөлігін жөндеу бойынша учаскелерді, ілінісу, салқындату жүйелерін жөндеу бойынша, аккукмуляторлық батареяларды жөндеу бойынша, түрлі маркалы автомобильдердің шанақ цехын жөндеу бойынша учаскелерді әзірледі. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер: Жукенов Арыстан, Ануаров Мадияр, Гончаренко Данил, Городничев Иван. Кулинич Данилдің "ВАЗ автомобильдерінің майлы сорғысының бөлшектерін жөндеу және қалпына келтірудің операциялық-технологиялық картасы жобасымен қозғалтқыштарды майлау жүйесінің ТҚК және ТЖ учаскесін әзірлеу", Морозов Евгенийдің "ВАЗ 2112 маркалы автомобильдерінің тұрақ тежегішінің бөлшектері мен механизмдерін қалпына келтіру және жөндеудің операциялық-технологиялық картасы жобасымен жұмыс бөлігін жөндеу учаскесін әзірлеу" және Загребельный Леонидтің " Радиаторларды қалпына келтірудің операциялық-технологиялық картасының жобасымен салқындату жүйелерін жөндеу учаскесінің жобасы". Абсолюттік үлгерім 100%, сапалы үлгерім 88% құрады. Балалар, сіздерді курстық жобаларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз, дипломдық жобаларды қорғауда денсаулық пен сәттілік тілейміз! Колледж әкімшілігі.
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: курстық жұмыстарды қорғау
|