|
| | РУС |
|
Павлодар машина жасау колледжінде 2022 жылғы 15-16 наурыз аралығында 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығы бойынша 4-курс, "Өндіріс экономикасы" пәні бойынша ТОРА 18-9-1 тобы студенттерінің курстық жұмыстарының қорғалуы оқытушы М. В. Байбаеваның жетекшілігімен өтті. Студенттер өз жұмыстарында автомобильдердің агрегаттық учаскелерінің, шиномонтаждық учаскелердің, дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерін жөндеу учаскелерінің, жүріс бөлігін, іліністі, салқындату жүйелерін жөндеу, аккукмуляторлық батареяларды жөндеу бойынша учаскелердің, түрлі маркалы автомобильдердің шанақ цехының техникалық-экономикалық тиімділігін есептеді. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер: Жукенов Арыстан, Морозов Евгений, Тұрғанбек Нұрлыбек, Гончаренко Данил, Городничев Иван. Абсолюттік үлгерім 100%, сапалы үлгерім 92% құрады. Балалар, сіздерді курстық жұмыстарды сәтті қорғаумен құттықтаймыз, денсаулық пен оқуда сәттілік тілейміз. Колледж әкімшілігі
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: курстық жұмыстарды қорғау
|