Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
НуР ОТАН «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы
Жаңалық қосты admin1, 7-12-2020, 13:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 615

 

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы

 

Экономикалық жағынан бағдарлама либералды сипатқа ие. Ол партияның 2030 жылға дейінгі дамуы туралы түсінігін бейнелейді және Президент Назарбаевтың жаңа әлеуметтік доктринасын жүзеге асыруға бағытталған.

Бағдарлама партия жұмысының 10 басым мақсатын белгілейді.

1-ші мақсат «Әрбір қазақстандық отбасының әл-ауқаты» деп жарияланды. Ол «дамудың үш векторына» бағытталған: отбасыларды тікелей қолдау, мүгедектер мен зейнеткерлерді әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру.

«Әркімге қол жетімді болашақ білім» – бағдарламаның 2-ші басым мақсаты осылай тұжырымдалған. Ол қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындауды, білім беру жүйесіне үздік мамандарды тартуды, білім беру инфрақұрылымын дамытуды қамтиды.

3-ші мақсат – «Дені сау адамдардың мықты ұлты». Ол медицинаға үздік мамандарды тартуды, медициналық инфрақұрылымды дамытуды және салауатты ұлт қалыптастыруды көздейді.

4-ші мақсат – «Инклюзивті экономика». Халықтың табыс деңгейін арттыру, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және инфляцияны төмендету жоспарлануда. Сондай-ақ бұл тармақ экономиканы технологиялық жаңғыртуды, цифрландыруды және қаржы секторының тұрақтылығына қол жеткізуді көздейді.

«Дамыған бизнес қоғам әл-ауқатының негізі ретінде» деген 5-ші тармақ экономикаға мемлекеттің қатысуын азайту, сонымен қатар бизнеске мемлекеттік қолдауды күшейту, бизнесмендер үшін кредиттердің қолжетімділігін арттыру міндеттерін қояды.

6-шы мақсат – «Азаматтар үшін қолайлы өмір сүру жағдайы». Бұл сапалы тұрғын үй құрылысын, жол құрылысының ауқымын арттыруды, қалалар мен ауылдардағы инфрақұрылымды дамытуды, экологияны жақсартуды білдіреді.

Қалған төрт тармақ саяси сипатқа ие және оларда либерализм әлдеқайда аз.

7-ші мақсат – «Азаматтардың мүддесі үшін тиімді мемлекет». Бұл мемлекеттік аппараттың қызметін жаңғырту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, саяси жүйені дамыту және нығайту.

8-ші мақсат – «Жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы». Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жаңғырту идеяларын насихаттауға, қоғамдық қатынастарды үйлестіруге, «Нұр Отан» партиясының негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын азаматтық сектормен өзара іс-әрекетті жандандыруға бағытталған.

«Жастар – үлкен мүмкіндіктер ұрпағы». Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету және оның әлеуетін дамыту, жастар арасында патриотизмді насихаттау, мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру жоспарлануда.

Бағдарламадағы ең маңызды пункті – «Нұр Отанның ұзақ мерзімді саяси басшылығы», оның мақсаты – партияға халықтың сенімін нығайту, елдегі қоғамдық бақылаудың негізгі институты ретіндегі рөлін нығайту және «Нұр Отан» партиясының ұзақ мерзімді саяси басшылығын қамтамасыз ету. Бұл, Назарбаев орнынан кеткеннен кейін де партияның басты мақсаты елдегі саяси жүйесін үзбей сақтап қалу және оған елеулі өзгерістерді болдырмауды білдіреді.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы