Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
ГЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖУМЫСЫ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ»
Жаңалық қосты admin1, 17-04-2014, 11:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 2084

«ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ»

Орындаған: Карманова Диана Жастлекқызы СТР 12-11-1 тобының оқушысы, учащаяся группы СТР 12-11-1, мамандық: «Үйлер мен ғимараттар құрылысы»
Жетекші: Смекенова Қ.Қ., экономикалық пәндер оқытушысы
Павлодар машина жасау колледжі.
«Қазақстан азаматарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».
                                                                                         Н.А.Назарбаев

Түсініктеме
Маңыздылығы: Қазақстан Тәуелсіздік алған кезден бастап тұрғын үй құрылысы елдің 2030 жылға дейін даму Стратегиясының басым бағытарының бірі болды және жалпы ұлттық сипаттағы маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен тапсырмасы: Тұрғындарға үйлердің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамытудың кешендік мәселесін шешу.
Толықтай тұрғын үй нарығын құру:
- тұрғын үй құрылыстарына жеке инвестициялар тарту және мемлекетттік-жеке серіктестіктерді ынталандыру;
- тұрғын үй құрылыстарының аудандарындағы инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымдарын дамыту;
- жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
- Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясын дамыту

Болжам:
Екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметімен тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бірнеше құжаттар қабылданды, оның ішіндегі негізгілері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004ж. 11 маусымда бекіткен №1388 (әрі қарай Бағдарлама 2005-2007) Жарлығына сай 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007ж. 20 тамызда бекіткен №383 (әрі қарай Мемлекетттік бағдарлама 2008-2010) Жарлығына сай 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010ж. 30 қыркүйекте бекіткен №1004 қаулысына сай 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндіруді дамыту бағдарламасы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011ж. 31 наурызда бекіткен 329 (әрі қарай Бағдарлама 2011-2014) қаулысына сай 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының бағдарламасы.
2005-2007 жылдардағы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын төмендету жолдары арқылы халықтың басым көпшілігін қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету, тұрғын үй несиесінің мерзімін ұлғайту, бастапқы жарна мен несие ставкаларын төмендету.
Көптеген жұмыстар атқарылды, бірақ талдау көрсеткендей аталған бағдарламалардың әлсіз жақтары да болды:
1) экономикалық белсенді тұрғындардың негізгі бөлігін толықтай қол жетімді баспанамен қамтамасыз ете алмады;
2) мемлекеттің сонымен қатар жас отбасыларының алдындағы міндеттерді сезініп отырса да азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жылдам жүргізілген жоқ.

Зерттеу әдістері:
• Ақпараттарды әдебиеттерден іздеу
• Ақпараттарды интернеттен іздеу
• Тұрғын үй құрылысы аясындағы заңнамалық құжаттарды талдау
Зерттеудік жаңашылдығы: атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғын үй құрылысын дамытудың шарттары мен жүйесін жақсарту керек деген қорытынды шығаруға болады.
Кіріспе:
Қазіргі уақытта жеке баспананың болмауы көптеген қазақстандықтардың басты мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешу одан туған көптеген сұрақтарды қарастыруға көмектеседі.
Тұрғын үй құрылысын дамытумәселесін кешенді шешу тұрғындарды қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуді арттыруды қамтамасыз етеді.
Бастапқы жарнаны төлеуге көптеген азаматтардың мүмкіншіліктері болмауын есепке ала отырып алдын ала займдарды пайдаланумен тұрғын үй құрылысының қорларының жүйесі арқылы несиелендіруге болады. Алайда бұл барлық отбасына тиімді емес.
Өткен жылдардың қорытындысы бойынша тұрғындардың сатып алу қабілеттілігінің параметрлері, еңбекақысы мен тұрғын үй бағасы анықталды.
Үйдің бір шашры метрін сатып алу бағасы төмендегідей:
1) жаңа үй - 156 мың теңге,
2) екінші нарықта - 113 мың теңге.
Республика бойынша айлық жалақы 89 мың теңгені құрады. Нақтылы жалақы айына (орта дәрежелі тұрғындардың сатып алу қабілеттілігін есепке ала отырып, 0,6 реттеу коэфиценті қолданылған) 53 мың теңгені құрады. Осы мәліметтердің негізінде 4 адамнан тұратын, жұмыс істейтін әрі нақтылы кірісі айына 106 мың теңгені құрайтын орта статистикалық отбасының баспана сатып алу мүмкіндігін қарастырамыз.
Осы отбасының шығыны айына бір адамға 16 мың теңге кетеді деп есептесек – 64 мың теңгені құрайды.
Пәтер сатып алуға арналған еркін лимит – 42 мың теңге (106-64 = 42).
12 %-ды 15 жыл мерзімге ипотекалық несиеге алған көлемі 40 шаршы метр пәтерге 4 адамнан тұратын отбасының ай сайынғы төлемі:
1) жаңа үйде - 86 мың теңге, бұл 42 мың теңгелік тиімді лимиттен 2,2, есе жоғары;
2) екінші санаттағы нарықтағы үйге – 63 мың теңге, бұл лимиттен 1,6 есе жоғары. Көріп отырғанымыздай келтірілген есепке қарағанда кіріс деңгейі көрсетілген отбасының мұндай пәтер алуға шамасы келмейді. Сол себепті 8,4 млн. экономикалық белсенді адамдардың 6 млн. астам жұмыс істейтіндері нарықтық жағдайда тұрғын үй ала алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін – үкіметтің дайындаған «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай 10 млн. шаршы метр тұрғын үймен көптеген мәселені шешуге болады.
Бұл көлемдегі құрылысқа индустриалды әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады:
1.Эконом класты шағын қабатты тұрғын үйлерді салуға болатын территорияларды игеру және дамыту.
2.Тұрғын үй құрылыстарының инженерлік-коммуникациялық
инфроқұрылымдарын дамыту.
3.Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
4.Жеке құрылысшылардың тұрғын үйлер салуына қолдау көрсету.
5.Жаңа технологияларды, энерготиімді әрі экологиялы таза әрі талаптарға толық жауап беретін құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттыру арқылы Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын дамыту.
Республикадағы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешендік шешу мақсатында құрылыс алаңдарын коммуникациялық-инфроқұрылымдармен, жер телімдерімен қамтамасыз ету қажет.
Кез келген саланың инновациялық дамуы — оның жарқын болашағының куәсі.
Отандық құрылыс саласы байқауларда, көрмелерде инновациялық ретінде ұсынылған көптеген өнімдерден артта қалып келеді.
Сарапшылардың байқауынша инновациямен көбінесе құрылысшылар емес, керісінше құрылыс материалдарын өндіретіндер (құрылымдық, көмекші, әрлеу, жөндеу және т.б.) айналысады. Ұсақ кәсіпорындар танымал арзан технологияларды пайдаланады. Ғылыми орталықтар ашуға бәрінің мүмкіншіліктері келе бермейді, оны тек ірі компаниялар аша алады, бірақ оған мемлекет қолдау көрсетпейді.
Инновациялық әдістер таралуы үшін кешендік шешімдер қажет – ғылыми орталықтар одағы – құрылыс материалдарын өндірушілер және құрылысшылар. Бұл кең көлемде тиімді жағдай жасап, энергоүнемді, экологиялық таза, сапалы өнімберге бағытталған орта буынға инновацияны бірден енгізуге мүмкіндік береді. Сондықтан тұрғын үй құрылысының институтын құру қажет, ол жаңа материалдарды сынақтан өткізіп әрі бақылаумен айналысатын болады. Төменде шағын жаңа материалдардың тізімін жасайық, олар қазіргі таңда құрылыста пайдаланылып жатыр. Ықшамды кестеге барлық жаңашылдықтарды сыйғызу мүмкін емес.

Материал

Инновацияның маңызы

Қасиеті

ЖБИ-панельдердің қабырғаларын жылыту

Ішкі қабаты пенополистерольмен жылытылған үшқабатты темірбетонды құрылыс

Қажетті сыртқы жылытушылардың есебінен құрылыстың жылдамдығы және арзандығы

Микроцемент

Полимерлер мен бояғыштар қосылған ұсақ құрылымды цемент

Берік және сенімді қорғанысты, декоративті материал

Шынымагнезитті табақ

Магний, магний хлориді, перлит және шыны талшық негізіндегі плиталар

Икемді, берік, отқа төзімді және ылғалға төзімді әрлеу материал

Фиброцемент

Минералды толықтырушылар, серпінді талшықтар мен бояғыштар қосылған цемент

Фасадтар мен ішкі бөлмелерді әрлеуге арналған берік ылғалға төзімді материал

Газобетон, кірпіш, күл қосылған цемент

ЖЭС қалдықтарын байланыстырушы ретінде пайдалану арқылы қабырғалы материалдардың түрлілігі

Құрылымдың матерал көлемі мен жылу өткізгіштік құнын төмендету

Нанобетон

Оксид, кремний, поликарбосиликат, титан диоксиді, наноқұбыр, фуллерендер немесе талшықтар қосылған бетон

Әр түрлі тығыздықтағы өте отқа төзімді, берік әрі энерго үнемдегіш бетондар

 «Нано» сөз тіркестері қосылған: нанобояулар, наносылақтар, наноламинаттар, полимерлерге арналған нанокомпозиттер, нанокомпозитті антипирендер және т.б. көптеген жаңашылдықтарға қызығушылықтар күннен күнге артып келеді.
Сонымен қатар инновациялықты құрылыста бұрыннан пайдаланып келе жатқан материалдарды да айтады, атап айтқанда: базальт негізіндегі минвата, бояғыш жылуизоляциясы, қиықты керамикалық блоктар, көбіктіполистерол және шығыңқы вермикулит, көбіктішыны, сэндвич-панелдер және т.б. материалдар.
Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі: мысалы кейбір аймақтарға олар қазір ғана жетіп жатыр.
Отандық нарықта қолданылатын көптеген технологиялар 5-10 жыл қолданылуда және олар жаңа деп есептеледі, ал Еуропада, Канадада немесе АҚШ-та (көбінесе сол елдерден келеді) дәстүрлі түрге айналған. Скандинавия елдерінде каркасты-панельді технологиялардың 70 %-ға жуығы шағын қабатты құрылысқа енгізілген. Қиыты керамика Еуропа нарығында бірнеше жылдан бері қолданылып келеді, ал бұл отандық көрмелерде басты жаңалық ретінде көрсетіліп келеді.
Отандық компаниялар негізінен батыстық технологиялық инновацияларды өздерінше «жетілдіріп» пайдалануда. Мысалы шикізат. Өздерінің жеке инновациялық жетістіктерін дайындау туралы әлі сөз қозғалмайды. Сарапшылар батыстық құрылыс нарығының алға қарыштап дамып кеткендігін мойындайды, ал бізге тек қуып жетуден басқа жол қалмайды.
Біздің отандық құрылыс компанияларының инновацияға аяқ басуын қалай қызықтыру керектігі туралы ойланған жөн.
Ол үшін құрылысқа тендер жариялау кезінде жаңа технологиялар, материалдар пайдаланатын ұйымдарға басты назар аударған жөн. институт өз кезегінде құрылысты арзандататын инновацияны қолдану өсімі туралы мемлекеттік бақылау органдарына тұрақты түрде есеп беріп отыруы қажет. Сонымен қатар институт бүкіл әлемде қолданылып жатқандай тасымалдау құнын азайтатын көшірілетін шағын зауыттарды дайындауы керек.
Тағы бір жеке құрылысты дамытудың басымдығы көпқабатты үймен салыстырғанда артықшылығы бар. Жеке үйде кез келген шағынөндірісті жабдықтауға болады, бұл Қытайда өте жақсы дамыған. Мұндай шаруашылықтың болуы – отбасына қосымша пайда әкеледі әрі өсіп келе жатқан ұрпақты еңбекке баулиды.
Егер де отбасында жалпы мақсат болатын болса – атап айтқанда үй салу: өз күшімен немесе мемлекеттік көмегімен, жалпы мақсат кез келген уақытта отбасын беріктендіреді. Отбасы бұл қоғамның ұяшығы, ал біздің елде ажырасу соңғы уақытта бірнеше есеге артқан. Осы жағдайға байланысты толық емес отбасы не үй сала алмайды не өзін қажетті дүниелермен қамтамасыз ете алмайды.
Расында да бұл құрылыс туралы мәселелер отбасының кірісі мен мүмкіндіктері есепке алына отырып мемлекетпен шешілуі қажет.
Шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай әр елде тұрғын үй құрылысының салаларына мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр:
Мысалы Белоруссияда төмендегідей жағдайлар жасалған:
1) құрылыс компанияларын ҚҚС-дан босату;
2) жер телімдерін тегін ұсыну;
3) құрылыс материалдарының нақтылы бағасын реттеу;
4) құрылыс компанияларының маржасын - 5 %-дан кем есмес етіп реттеу;
5) құрылыс үлесін мемлекеттік құрылыс компаниялары арқылы.
РБ-дағы тұрғын үй құрылысы негізінен тұрғын үй құрылыс кооперативтері мен құрылыс үлестерінің жүйесі арқылы халықтың қаражаты есебінен іске асырылады. Мемлекет тұрғындарға жеңілдік қарастырылған несиелер беру арқылы (сыйақы мөлшері 1 %-дан 5 %-ға дейін 20 жылдан 40 жылға дейінгі мерзімге) тұрғын үй құрылысына қатысады және мемлекет меншігінде қалатын азаматтар санатына жататын шағын көлемдегі әлеуметтік тұрғын үйлерді салады.
Үйлер салуда индустриалды әдістерді қолдану тұрғын үй құны мен құрылыс мерзімін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі технологиялардыпайдалану арқылы КПД-ны пайдалану тұрғын үй құнын азайтуға және құрылыс мерзімін қысқартуға жағдай жасайды әрі оны тез, жылдам салуға жағдай жасайды.
Ресейде 2011-2015 жылдарға арналған «Тұрғын үй» Бағдарламасын іске асыру үшін оған мемлекеттік дамыту институттары ат салысуда. Олардың тұрғын үй саласындағы қызметі ипотеканың тиімділігін арттыруға жағдай жасады (Внешэкономбанк, Ипотекалық тұрғын үйлерді несиелендіру Агенттігі)для.
Қол жетімді тұрғын үй құрылысын жандандыру мақсатында Внешэкономбанк тұрғын үй құрылысының өздік құнын бірден азайтатын инновациялық құрылыс материалдарын өндіру аясындағы жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады.
Аренделық тұрғын үй құрылысын жеке компаниялармен келесі жағдайларда іске асырады:
1) тегін ұсынылған жер телімдерінде инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Мұндай жағдайда 1 шаршы метрдің өздік құны көптеген аймақтарда 22 мың рубльден (шамамен 110 мың теңге) төмен болады;
2) мемлекет инвесторға жылдық 10 %-дық кепілдеме беруі керек, ол ағымдағы нарық кірісінен шамалы жоғары.
Біздің жағдайға бейімделген өзіміздің әдістеріміз туралы көмтеген мысалдар мен талдамаларды келтіруге болады. Шет елдік тәжірибе құрылысты индустриализациялауға қажет, онсыз тұрғын үй құрылысының көлемін жоспарлы өсімін қамтамасыз ету мүмкін емес. Мысалға қазіргі құрылыста құрылыстың негізгі бөлігін шет елдік құрылыс материалдары құрап отыр.
Осы мәселені шешу үшін 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндіруді дамыту бойынша Бағдарлама аясында шыны табағы мен керамикалық плиткалар шығару, радиаторлар мен арматуралар, сантехника және құбырлар сонымен қатар басқа да материалдар мен бұйымдар шығару бойынша жаңа өндіріс құрылыстары қолға алып отыр.
Аталған шаралар бойынша үйлер салу және шет елдік заттардың орнын ауыстыруды индустриалдық дамыту қол жетімді тұрғын үйдің тиімділігін арттыратын маңызды фактор болып табылады әрі тұрғын үй бағасын төмендетуге және құрылыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қол жетімді баспана арқылы ғана әр түрлі санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге болады.
Қол жетімді тұрғын үйдің тиімділігін төмендегідей мемлекеттік қолдау шаралары арқылы қамтамасыз етуге болады:
1) мемлекет жалпы жағдайды ескере отырып, тегін жер телімдерін беруі керек – отбасына бір бірден, сонымен қатар басымды параметрлі тұрғын үй құрылысының жобасын іске асыруға қолдау көрсету керк;
2) үй салушыларға инженерлік коммуникациялар өткізілген жер телімдерін ұсыну қажет;
3) кірісі аз азаматтарға қаржыландыру құралдары мен механизмдері ұсынылуы керек;
4) жобалаушыларға құрылысшыларға, құрылыс материалдарын өндірушілерге озық технологияларды қолдануы үшін қажетті жағдайлар жасалуы керек.
Қорытынды:

Осылайша мемлекет эконом-класты, ықшамды жобаларға, құрылыстарға және оны іске асыруға қолдау көрсетіп, жоғарыда аталған қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау керек.
Көріп отырғанымыздай Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар мен әлемдік ұстанымды тәжірибені пайдалана отырып, тұрғын үй құрылысын қарқынды дамытуға нақтылы алғышарттар бар.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Программа "Доступное жилье – 2020». Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2012 года № 821
2. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана
3.Журнал «Строительство» Авторы Е. Басин, Б.Гусев, А. Лапидус.
4.Строительные материалы, оборудование, технология века-2012 года №5/ В.С. Прокопец, В.Д. Галдина

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ»