Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Жаңалықты сұрыптау керек: күні байынша | танымалдығы бойынша | кіргені бойынша | пікірі бойынша | Әліппе бойынша
Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 13:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1276

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Машина жасау колледжінде ұлттық асық ойыны - "Бес тас" бойынша онлайн – жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау; ұлдар мен қыздарды ата-бабаларымыздың мәдени мұрасына тарту; ептілік, көз өлшеу, қимылдарды үйлестіру сияқты негізгі физикалық қасиеттерді дамыту. Жарысқа 12 адам қатысты. Барлық балалар асық ойнау дағдыларын игерді. Үздіктер грамоталармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 12:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 480

ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1 және 2 курс студенттері "Лидер.kz" Халықаралық зияткерлік-білім беру орталығы ұйымдастырған қашықтықтан пәндік олимпиадаға қатысты.  33 белсенді балалар орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, география, физика, биология, математика, химия пәндері бойынша өз білімдерін тексерді. Жеңімпаздар: Жанбекова Әмина, Сансызбаев Аян, Бландинский Николай, Ахметов Әлішер, Иманғалиев Қайрат, Сәрсенова Аружан, Бақытбек Нұрейса, Сатыбалдинова Аяжан, Сартаков Владислав, Шевченко Кирилл, Ғалымжанов Медет, Акинов Бекзат, Чинарвекұлы Бақытбол, Қабыкенов Дархан, Аманжол Рақат, Құлқымбаев Темірлан, Тлеулесов Рустам, Винюкова Эвелина, Ниязбеков Камиль, Буц Данил, Боранбаев Ердан, Боровской Артем.

Барлық жеңімпаздар мен оқытушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

Жаңалық қосты admin1, 17-12-2020, 15:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 567

Жаңалық қосты admin1, 16-12-2020, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 510

 

Жаңалық қосты admin1, 14-12-2020, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 652

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ШЖҚ КМК «Павлодар машина жасау колледжіндегі» ЭЭЖ 20-9-1 тобында білім алатын студенттер онлайн форматындағы іс-шараға белсенді қатысты. Топ студенттері: Мажитов Жандос Тәуелсіздік күніне арналған сурет салды, Акинов Бекзат таныстыру дайындады ал Бағдат Наурызбек бейнефильм дайындап, «Тәуелсіз елім» атты өзінің шығарған өлеңін оқыды әрі құттықтау жолдады. Шараға қатысқан барша студенттерге шығармашылық табыстар тілейміз!

Жаңалық қосты admin1, 14-12-2020, 00:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 485
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледжде патриоттық акция 
өткізілді. Іс-шараға колледж студенттері қатысты, олар патриоттық плакаттар салды.
 

 

Жаңалық қосты admin1, 13-12-2020, 22:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 517

Қазақ халқының тарихында көптеген ерліктер жасалды. Бұл ерліктерді туған жеріне, туған халқына деген шексіз махаббаты бар адамдар теңдік пен бостандық жолында өздерін құрбан етуге деген ұмтылысын сақтап қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж кітапханашысы А.М. Рахметова ұйымдастырған "Желтоқсан оқиғаларының қаһармандары" атты ақпараттық сағатта осындай кейіпкерлер туралы сөз қозғалды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 11-12-2020, 10:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 624

 

Павлодар машина жасау колледжінде колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты Отан тарихына баулу, патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру және тәрбиелеу болды.

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/111220-den-nezavisimosti.jpg

 

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2020, 11:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 459

23-29.11. 2020 Павлодар облысының колледждері арасында волейболдан /жоғарғы беріліс, төменгі беріліс, жоғарғы және төменгі берілістердің қабырғаға ауысуы/ онлайн жарыстар өткізілді. Біздің колледждің ЭМОП 20-9-1 тобының студенті Манабаев Ислям II орын алды. Грамота және медальмен марапатталған. Құттықтаймыз! Спорттық табыс тілейміз!

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 27-11-2020, 16:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 640

2020 жылы 27-ші қараша күні Павлодар машина жасау колледжінде «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай колледж студенттерінің арасында онлайн форматында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың  жүрегінде  Елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/291120-1.jpg

 

 

Сондай-ақ, «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай 24 – 30 қараша аралығында барлық топтарда эссе байқауы өтті, онда балалар алғашқы перзиденттің қалыптасу өмірі, оның жаңа егемен мемлекет, Қазақстан Республикасын құрудағы рөлі туралы қаралған фильмдер бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

 

Үздік жұмыстар:

 

Еременко Дмитрий – 1 орын;

 

Абусагит Ернар, Хурметхан Әйгерім, Асылханова Жамиля – 2 орын;

 

Байқадамов Азамат, Мусралинов Тамерлан, Полетаев Сергей – 3 орын.

 

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Біздің балаларды жеңісімен тағы да құттықтаймыз және оқуда шығармашылық табыс тілейміз!