"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 13:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 866

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Машина жасау колледжінде ұлттық асық ойыны - "Бес тас" бойынша онлайн – жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау; ұлдар мен қыздарды ата-бабаларымыздың мәдени мұрасына тарту; ептілік, көз өлшеу, қимылдарды үйлестіру сияқты негізгі физикалық қасиеттерді дамыту. Жарысқа 12 адам қатысты. Барлық балалар асық ойнау дағдыларын игерді. Үздіктер грамоталармен марапатталды.

Жаңалық қосты admin1, 19-12-2020, 12:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 322

ҚР Тәуелсіздік күніне орай 1 және 2 курс студенттері "Лидер.kz" Халықаралық зияткерлік-білім беру орталығы ұйымдастырған қашықтықтан пәндік олимпиадаға қатысты.  33 белсенді балалар орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, география, физика, биология, математика, химия пәндері бойынша өз білімдерін тексерді. Жеңімпаздар: Жанбекова Әмина, Сансызбаев Аян, Бландинский Николай, Ахметов Әлішер, Иманғалиев Қайрат, Сәрсенова Аружан, Бақытбек Нұрейса, Сатыбалдинова Аяжан, Сартаков Владислав, Шевченко Кирилл, Ғалымжанов Медет, Акинов Бекзат, Чинарвекұлы Бақытбол, Қабыкенов Дархан, Аманжол Рақат, Құлқымбаев Темірлан, Тлеулесов Рустам, Винюкова Эвелина, Ниязбеков Камиль, Буц Данил, Боранбаев Ердан, Боровской Артем.

Барлық жеңімпаздар мен оқытушыларды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

Жаңалық қосты admin1, 17-12-2020, 15:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 386

Жаңалық қосты admin1, 16-12-2020, 10:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 394

 

Жаңалық қосты admin1, 14-12-2020, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 432

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ШЖҚ КМК «Павлодар машина жасау колледжіндегі» ЭЭЖ 20-9-1 тобында білім алатын студенттер онлайн форматындағы іс-шараға белсенді қатысты. Топ студенттері: Мажитов Жандос Тәуелсіздік күніне арналған сурет салды, Акинов Бекзат таныстыру дайындады ал Бағдат Наурызбек бейнефильм дайындап, «Тәуелсіз елім» атты өзінің шығарған өлеңін оқыды әрі құттықтау жолдады. Шараға қатысқан барша студенттерге шығармашылық табыстар тілейміз!

Жаңалық қосты admin1, 14-12-2020, 00:30, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 314
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледжде патриоттық акция 
өткізілді. Іс-шараға колледж студенттері қатысты, олар патриоттық плакаттар салды.
 

 

Жаңалық қосты admin1, 13-12-2020, 22:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 357

Қазақ халқының тарихында көптеген ерліктер жасалды. Бұл ерліктерді туған жеріне, туған халқына деген шексіз махаббаты бар адамдар теңдік пен бостандық жолында өздерін құрбан етуге деген ұмтылысын сақтап қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж кітапханашысы А.М. Рахметова ұйымдастырған "Желтоқсан оқиғаларының қаһармандары" атты ақпараттық сағатта осындай кейіпкерлер туралы сөз қозғалды.

 

 

Жаңалық қосты admin1, 11-12-2020, 10:27, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 436

 

Павлодар машина жасау колледжінде колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты Отан тарихына баулу, патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру және тәрбиелеу болды.

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/111220-den-nezavisimosti.jpg

 

Жаңалық қосты admin1, 30-11-2020, 11:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 300

23-29.11. 2020 Павлодар облысының колледждері арасында волейболдан /жоғарғы беріліс, төменгі беріліс, жоғарғы және төменгі берілістердің қабырғаға ауысуы/ онлайн жарыстар өткізілді. Біздің колледждің ЭМОП 20-9-1 тобының студенті Манабаев Ислям II орын алды. Грамота және медальмен марапатталған. Құттықтаймыз! Спорттық табыс тілейміз!

 

 

 

Жаңалық қосты admin1, 27-11-2020, 16:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 383

2020 жылы 27-ші қараша күні Павлодар машина жасау колледжінде «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай колледж студенттерінің арасында онлайн форматында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың  жүрегінде  Елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

 

 

http://pmk-kolledg.edu.kz/rus/uploads/291120-1.jpg

 

 

Сондай-ақ, «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай 24 – 30 қараша аралығында барлық топтарда эссе байқауы өтті, онда балалар алғашқы перзиденттің қалыптасу өмірі, оның жаңа егемен мемлекет, Қазақстан Республикасын құрудағы рөлі туралы қаралған фильмдер бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

 

Үздік жұмыстар:

 

Еременко Дмитрий – 1 орын;

 

Абусагит Ернар, Хурметхан Әйгерім, Асылханова Жамиля – 2 орын;

 

Байқадамов Азамат, Мусралинов Тамерлан, Полетаев Сергей – 3 орын.

 

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Біздің балаларды жеңісімен тағы да құттықтаймыз және оқуда шығармашылық табыс тілейміз!