Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 15-02-2018, 10:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1124

Ұлттық «Қатерлі ісіксіз өмір» бағдарламасының аясында Павлодар машина жасау колледжінде 2018ж. 5-15 ақпан аралығында Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған онкологиялық аурулардың алдын алу және оны ерте анықтау бойынша онкүндік өткізілді, колледждің мәжіліс залында салауатты өмір салтының, дұрыс тамақтанудың, шынығу белсенділігінің, студенттер арасында алдын алу тексерісінің маңыздылығы туралы ақпараттық сағат өткізілді. Сонымен қатар онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша оқушылар арасында буклеттер таратылды.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-02-2018, 10:10, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1151

13 ақпанда колледждің мәжіліс залында «Салауатты өмір салты» таныстыру байқауын өткіздік, онда дұрыс тамақтану мен шынығу жүктемесі тек онкологиялық аурулардың дамуының қауіп-қатерін төмендетіп қана қоймайды, сондай ақ көптеген басқа да созылмалы жағдайларды, атап айтқанда жүрек қан-тамыр аурулары, гипертензия мен диабет ақпараттарымен  санбюллетень дайындадық. Жақсы түнгі ұйқы да ағзаның қатерлі ісікпен күресу қабілеттерін жақсартуға өз үлесін қосады. Оқушыларға іс-шараның соңында грамоталар берілді. Бірінші орынды  ЭЭЖ 17-9-1 тобының студентері Каюмова Альфия  және  Есенгельді Сапарбек алды, екінші орынды  ТМ 17-9-1 тобының оқушылары Дичкова Валерия мен Антонов Виталий алды, үшінші орынның грамотасымен  Васильев Владимир, Нурдаулетов Бауыржан, Капатай Серік  және Муканов Дамир марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 12-02-2018, 16:58, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1267

08.02.2018 – 10.02.2018ж.ж. аралығында колледжде 1201000 «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», біліктілігі «техник-механик» мамандығы бойынша ТОРА 16-11-1 тобының 3-ші курс студенттерімен «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» пәні бойынша курстық жобаларды қорғау өткізілді.

            Келесі студенттер: Рачковский Станислав, Жаксыбаев Ерболат, Усов Сергей, Шейкин Владислав, Шамшудинов Ризат, Тыржикаев Айдар, Сурмий Иван, Доронин Роман курстық жобаларды табысты түрде қорғап шықты.

            Студент Усов Сергейдің «ВАЗ 2114 автөкөлігіне мысал ретінде қалалық автоцех кәсіпорнының жағдайындағы ТҚК – 2 аймағының жобасы», Жақсыбаев Ерболаттың «Жүк автокөліктерінің қозғалтқыштарындағы жанармай аппаратурасының техникалық күйін тексеру және қызмет көрсету технологиясы», Рачковский Станиславтың «Автокөліктердің шанақтарына, олардың қорғаныс жабындыларына қызмет көрсету және техникалық күйін күту жөніндегі бекеттің жобасы» тақырыптарына арналған жобалар маңызды әрі қызықты болды.

            Балаларға оқуда табыстар тілейміз!

Жаңалық қосты admin1, 16-01-2018, 13:54, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1057

2018ж. 15 қаңтарда колледж ұжымының арасында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолауы талқыланды. Колледж басшысы Қ.А. Қаирбаев осы Жолдауда Қазақстан халқының алдында дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін табысты түрде жаңа әлемге бағытталу мен бейімделудің тұрғандығын айтып өтті. Сонымен қатар басшы ҚР Президентінің Жолдауындағы 10 басымды бағыттар туралы айтты.

Жаңалық қосты admin1, 15-01-2018, 11:12, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1323

2018ж. 15 қаңтарда колледж ұжымының арасында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолауы талқыланды. Колледж басшысы Қ.А. Қаирбаев осы Жолдауда Қазақстан халқының алдында дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін табысты түрде жаңа әлемге бағытталу мен бейімделудің тұрғандығын айтып өтті. Сонымен қатар басшы ҚР Президентінің Жолдауындағы 10 басымды бағыттар туралы айтты.

Жаңалық қосты admin1, 21-12-2017, 11:57, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1036

8 желтоқсанда Жастардың бастамасын дамыту орталығында облыстық «Айбын» әскери-ұлтжандылық әндері байқауының іріктеу кезеңі болды. Сайысқа облысымыздың барлық қалалары мен аудандарынан дарынды жастар қатысты, оның ішінде біздің Павлодар машина жасау колледжінің студенттері ЛП 17-9-1т. Өмірбек Толқын мен ТМ 17-11-1т. оқушысы Мақсұтов Дарын да бар. Байқаудың мақсаты жастарды Отанға деген ұлтжандылыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ұзақ талқылаудан кейін әділ-қазылар 30 қатысушыдан 12 межеге жеткендерді іріктеп алды, оның ішінде біздің студенттер Өмірбек Толқын мен Мақсұтов Дарын да іріктеу кезеңінен өтті. Олар  Жастардың бастамасын дамыту орталығында 13 желтоқсанда өткізілген «Айбын» әскери-ұлтжандылық әндерінің гала-концертінде өнер көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша Өмірбек Толқын «Үлкен орындау мәдениетін көрсеткені үшін» ал Мақсұтов Дарын «Үздік ұлтжандылық ән» дипломдарымен марапатталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 17-12-2017, 15:13, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1326

Жасөспірімдердің темекі шегудің адам денсаулығына зияндығылығы, бос уақытты тиімді пайдалану, өзіне және қоршаған ортаға деген жауапкершілік міндеттерін сіңдіру туралы ақпараттылығын арттыру мақстында Машина жасау колледжінде Дүниежүзілік темекі шегуден бас тартуға арналған онкүндік өткізілді. КТК ойыны түрінде ТМ 17-9-1 тобының «Пульс» командасы мен ЛП 17-9-1 тобының «Антикур» командасы арасында «Дені саудың тәні сау!» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шара «Темекіні кәмпитке ауыстырамын» акциясымен аяқталды.

 

Жаңалық қосты admin1, 13-12-2017, 11:37, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1326

       Дәстүр бойынша жыл сайын біздің колледжде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізіледі. 2017 жылы 13 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында музыкалық колледжде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бірге болсақ мықтымыз!» шығармашылық фестивалі өткізілді.Біздің колледждің оқытушылары «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп-интернатының» балаларына қажетті оқу құралдарын, канцеляралық тауарлар, қолдан жасауға арналған материалдар мен үстелдік дамытушылық ойындарды алып берді. Тәрбие жұмысының мақсатында біздің колледждің студенттері сыйлықтарды алып барып, мүмкіндігі шектеулі балалардың дайындаған концертін тамашалады. Фестиваль жарқын мерекелік көңіл-күйде өтті, онда жағымды әсерлер, жаңа таңданыстар мен қайырымдылық сөздер көп болды. «Жақсылық жасау – өте қарапайым іс!»

Жаңалық қосты admin1, 12-12-2017, 08:56, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1788

 

ҚР Тәуелсіздігінің мерекесіне орай КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінің» басшысы мен қызметкерлеріне РОӘБ аясында ТжКО ұйымдарында жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша белсенді әрі сапалы жұмыс жүргізгені үшін «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ атынан алғыс хаттар алды. Колледж оқытушыларымен жаңа білім беру бағдарламалары, модульдік-құзіреттілік оқыту бойынша үлгілік оқу жоспарларын,ТжКО түлектерін сертификаттау мен біліктілік тағайындауды өткізуге қолданылатын тесттік тапсырмаларды дайындады, сонымен қатар оқытушылар білім беру бағдарламалары мен тесттік тапсырмаларға сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар болып табылады. 

 

Жаңалық қосты admin1, 8-12-2017, 16:45, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 800

     КМҚК «Павлодар машина жасау колледжінде» кіреберіс тобына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді және кедергісіз ортаны құру аясында орнатылды: пандус пен тұтқа, кең көшеге шығатын есік (80см астам) және 1-ші қабатта бейімделген дәретхана.