"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар JuniorSkills
Жаңалық қосты admin1, 28-03-2022, 14:14, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 286

Бүгін Павлодар машина жасау колледжінің қабырғасында JuniorSkills облыстық байқауы шеңберінде "Болашаққа жол" техника және технология саласындағы инновациялық жобалар байқауы өтті, оған қала және облыс мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. 48 өтінім берілді, бірінші кезеңде қазылар алқасы байқау талаптарына сәйкес келетін 18 жобаны іріктеп алды. Аталған іс – шараның негізгі мақсаты-кәсіптік бағдар беру жұмысы, жастардың шығармашылық және өнертапқыштық ойлауын жандандыру.
Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді: "Автомобильдер: кеше, бүгін, ертең", "Машина жасау менің көзқарасыммен", "Болашақ энергиясы" және "Аймақтың экологиялық мәселелері".
Конкурс қорытындысы бойынша "Автомобилдер: кеше, бүгін, ертең" бағыты бойынша №39 ЖОББМ оқушысы Байгужинов Рамиль 1 орынды, Бобров ЖОББМ оқушысы Парыгина Анастасияи 2 орынды және Бобров ЖОББМ оқушысы Олькова Кристина 3 орынды; "Машина жасау менің көзқарасыммен" бағыты бойынша Ямышев ЖОББМ КММ оқушысы Вайц Владислав 1 орынды, "Машина жасау менің көзқарасыммен" бағыты бойынша 2 орынды Ямышев ЖОББМ КММ оқушысы Панасенко Константин, 3 орын Ямышев ЖОББМ КММ оқушысы Панасенко Кирилл; "Болашақ энергиясы" бағыты бойынша №18 ЖОББМ оқушысы Небогатова Диана және 2 орын № 29 ЖОББМ оқушысы Мусатов Антон; "Аймақтың экологиялық мәселелері" бағыты бойынша - 1 орынды Заря ЖОББМ оқушысы Жұмаш Алдияр, 2 орынды № 39 ЖОББМ оқушысы Сүйенов Ален және 3 орынды № 40 ЖОББМ оқушысы Жұмабекова Алуа және № 22 ЖОББМ оқушысы Камзин Ерсін иеленді.
Байқау қатысушыларына сертификаттар, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

JuniorSkills

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: JuniorSkills