Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Іс-шаралар, Ата аналарга акпарат Бейімделу кезеңінде ата-аналарға ұсыныс
Жаңалық қосты admin1, 26-10-2016, 10:31, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1465

Колледжге бейімделу үрдісі жеңіл болу үшін ұлыңыздың немесе қызыңыздың төмендегі ережелерін қадағалаңыз:

Күн тәртібін сақтаңыз: сағ. 23-00-ге дейін ұйықтауға жатуы керек, себебі 8 сағаттық ұйқы қажет;

Уақытты аз жұмсап, өзінің тұрмыстық жағдайын дұрыс ұйымдастырсын;

Таза ауада күніне 2 сағат болуы керек. Бұл көңіл-күйді жақсартады;

Күнде денешықынтырумен айналыссын;

Өзінің денсаулығын нығайтып, жеке тазалықты сақтасын;

Көбірек оқып, өздігінен жұмыс істесін;

Үнемі оқытушылармен, сынып жетекшілермен байланыста болыңыз.

Жанжал туындаған жағдайда баладан ажырап қалмаңыз, бірінші достасыңыз, содан соң өз істеріңізбен айналысыңыз.

 -  Баланың үйге үйір болуына жағдай жасаңыз; үйге келе жатқанда «Бәрінен де біздің үйде жақсы!» деген сөзді айтуды ұмытпаңыз.

 -  «Сен жақсысың, бірақ өзгелерден артық емессің» деген бұрыннан белгілі психологиялық формуланы балаңыздың бойына сіңдіріңіз.

 -  Ұлыңызбен немесе қызыңызбен жанжалдасқан кезде ашуға беріле берілмеңіз, өйткені олар да өзінің дұрыс еместігін үнемі сезінбеуі керек. Сіз бұл іс-әрекетіңізбен балаларыңыздың қателіктері мен жеңілістерін мойындауларына үйретесіз.

 -  Балаларыңызды «Бүгін не қызықты болды?», «Немен айналыстыңдар?», «Колледжде қалай?» деген сұрақтармен қарсы алыңыз.

 -  Балаңыздың өмірінде болып жатқан жаңалықтарды шыдамдылықпен және қызығушылықпен тыңдаңыз.

 -  Балаңыздың табысына қуаныңыз. Оның уақытша сәтсіз кезеңдеріне ашуланбаңыз.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Бейімделу кезеңінде ата-аналарға ұсыныс