Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Іс-шаралар «Жастар арасындағы жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».
Жаңалық қосты admin1, 20-10-2016, 08:52, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1360

20.10.2016 жылы Павлодар машина жасау колледжінде еңбек және соғыс ардагері, прокуратураның құрметті қызметкері генерал – майор Д.Нт Фалеевтің қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік. Бұл іс-шара «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Сәркенов Оразалы мен «Жас Отан» ЖҚ белсенділерінің бастамасымен болды.

Кездесудің тақырыбы: «Жастар арасындағы жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».

Өз баяндамасында О. Сәрсенов құқық қорғау органдарының статистикалық мәліметтері кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың жасаған қылмыстар санына назар аударуға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта бұл жағдай жоғарғы деңгейде. Жастар арасындағы қылмыс жасау мәселесі мемлекеттің назарынан тыс қалмады. Сондықтан қазірден бастап, жас ұрпақтың қылмыс әлеміне кетіп қалу қаупінің алдын алып, барлық тиімді әдістер арқылы оларды қауіпсіздендіру қажет. Іс-шара барысында проблемалық мәселелерге және оның шешу жолдарына тоқталды. Құрметті қонақ Генерал-Майор Фалеев Дмитрий Никитович, соғыс кезінде басынан өткізген қиыншылықтарды, жолдастарының әскери ерліктерін, өз отанына деген адалдығын және прокурорлық лауазымындағы жұмыстары туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда ол Павлодар қ. Ұлттық гвардияның 5512 әскери бөліміндегі Әскери даңқ мұражайының құрметті мүшесі. Тоқсаныншы жылдардың ауыр кезеңдерінде әскери бөлім қаржылай қиындықтарға тап болған, соғыс ардагері, зейнеткер жаста заңнамалық қолдау көрсеткен. Сөз соңында соғыс ардагері жас ұрпақтың заңдарды сақтап, өз отанын шексіз сүюді және жастардың салауатты өмір салтымен өмір сүру керектігін айтты.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: «Жастар арасындағы жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу».