Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Іс-шаралар Қараша 2015
Жаңалық қосты admin1, 10-11-2015, 09:49, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1264

     ҚР Бірінші Президенті күніне арналған «Қайырымдылық керуені», «Балаларға қуаныш сылайық» акциясы аясында Павлодар машина жасау колледжінің ұжымы 2015 жылы 27 қарашада колледжде оқитын жетім-балаларды мерекемен құттықтап, әр қайсысына сыйлықтар, жалпы сомасы 16 500 теңге болатын 11 дана 1500 теңге сомасындағы азық-түлік жинағын табыстады.

  

     2015 жылы 26 қарашада Дүниежүзілік кампанияның ЖИТС-пен күрес айлығының аясында «Мақсатқа бағыттау: 90% АИТ-жұқпалы ауруға шалдыққан адамдар АРТ алатын болады, 90% АРТ алатын адамдардың жұқпалы ауруы төмендейтін болады» ұранымен Павлодар облысының ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу орталығы НПО-мен бірлесе отырып «АИТ-статусын анықтау үшін тестілеуден өт» акциясын өткіздік, колледж студенттерінің арасында экспресс тестілеу мен сауалнамаға 100-ден астам оқушы қатысты.

 

     2015 жылы 25 қарашада Достық үйінде облы әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен облыстық «Менің табысым – елімнің табысы» байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Колледжіміздің 4-ші курс студенті Қапашев Н. «Әлеуметтік маңызды және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, дипломмен әрі планшетпен марапатталды

 

                       

 Тиімді тамақтану айлығының аясында 2015 жылы 19 қарашада ҚБ «Ұлттық тамақтану орталығының» қызметкері Нұрахметова Г.Ш. колледж оқушыларымен «Дұрыс тамақтан, жеңіл өмір сүр» немесе «Дені сау, белсенді, ақылды және әдемі болу үшін дұрыс тамақтану қажет» тренингін өткізді.

Іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дұрыс тамақтануға, салмақты бақылауға бағытталған, шараға 100-ден астам оқушы қатысты.

   

 2015 жылы 13 қарашада «NOMАД» ОЖБ өкілі Е. Серікпаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткіздік, ол өз баяндамасында жастар арасындағы толеранттылық пен діниаралық келісім қағидаларын үгіттеу мәселелерін қозғады. Армян мәдени орталығының төрайымы Аракелян Сусанна Дерениковна мәдени орталықта жастар арасында діни саясат пен діниаралық келісімді үгіттеу мен оны түсіндіру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

 

     Толеранттылық күнін мерекелеу аясында студенттерге «толеранттылықты, толеранттылық қарым-қатынасты» түсіндіру, өзге адамдарды құрметтеуге және жақсы қарым-қатынас құруға тәрбиелеу, коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында келесі іс-шаралар атқарылды:

2015 жылы 12 қарашада «Құқық» үйірмесінің жетекшісі Шушпаева Б.Ш. «Халықаралық толеранттылық күні» ақпараттық сағатын өткізді.

  

Діни экстремизмнің алдын алу.

2015 жылы 4 қарашада колледждің мәжіліс залында 1 және 2 курс студенттеріне арналған «Терроризм мен экстремизмнің алдын алудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің инспекторы М.Б. Жағыпаров дәріспен сөз сөйлеп, бейнефильм көрсетілді, дін мәселелі жөніндегі заңнамалық база талқылауға салынды, соңында ақпараттық материалдар таратылды.

 

     2015 жылы 5 қарашада осы тақырып жалғастырылып, 1 және 2 курстар арасында «Экстремизм мен терроризмнің қанды салдары» тақырыбында ақпараттық сағат өткіздік.

 

 

Студенттерге арнау

     Мерекелік безендірілген залда 2015 жылы 3 қарашада жоғарғы курстың студенттері бірінші курстың студенттерін қарсы алды, өйткені олар Павлодар машина жасау колледжінің үлкен әрі тату отбасының студенттеріне және оның бір бөлігіне айналды!

 

    Студенттердің арнау күнімен колледж директоры Қ.А. Қаирбаев құттықтады.

 

   Мерекелік концертті жоғарғы курстың студенттері әнмен, флешмобпен жалғастырды. Колледждің бірінші курс студенттерін колледж түлегі Зейніл Айдын құттықтап, өзінің әндерін тарту етті. Мереке соңында студенттер өздерінің анттарын беру салтын өткізді.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Қараша 2015