"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар Облыстық энергетиктер олимпиадасының қорытынды есебі
Жаңалық қосты admin1, 4-04-2014, 17:22, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1627

VI-шы облыстық энергетиктер олимпиадасының

қорытынды есебі.

     Орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқушылары арасындағы VІ-шы облыстық энергетиктер Олимпиадасы Павлодар облысының Білім басқармасының қолдауымен 2014 жылы 26-шы наурызда екі бағытта: электрлік және жылу техникасының мамандықтары  бойынша ҚМКК «Павлодар машина жасау колледжінде» өткізілді. 

      Олимпиадаға 8 колледж қатысты: Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар бизнес-колледжі, Павлодар политехникалық колледжі, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі, Павлодар технологиялық колледжі, Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі, Екібастұз Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі. Олимпиадаға қатысуға 33 студент өтініш білдірді: олардың ішінде 21 студент электрлік мамандық бойынша (14 студент орыс тілінде, 7 студент мемлекеттік тілде), сонымен қатар 12 студент жылутехникалық мамандығы бойынша (олардың ішінде 9 студент орыс тілінде және 3 студент мемлекеттік тілде).

Олимпиада қорытындысы бойынша электрлік мамандықтар бойынша орындар келесі түрде бөлінді:

1-ші орынды Солодухин Алексей (жетекшілері Абраева Н.М, Шалабаева М.А) иеленді. Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

2-ші орынды Данишевский Роман (жетекшісі Тенизова О.В.) иеленді. Павлодар бизнес-колледжі.

3-ші орынды Беличев Артем (жетекшісі Лихачева С.Н.) иеленді. Павлодар политехникалық колледжі.

            Жылутехникалық мамандығы бойынша жүлделі орындарға келесі колледждің оқушылары ие болды:

1-ші орын Алимбаев Тойлыбай (жетекшісі Абдрахманова К.Т, Кыдырмоллаева А.Н) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

2-ші орын Письмиленов Нұрболат (жетекшілері Абдрахманова К.Т, Кыдырмоллаева А.Н) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі.

3-ші орынды Коргун Андрей (жетекшісі Алишева Р.Т) иеленді. Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі. 

Жылутехникалық мамандығы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі колледждер иеленді:

1-ші орында  Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің командасы;

2-ші орында  Сәтпаев атындағы инженерлік-техникалық институтының Екібастұз колледжі;

3-ші орында Инновациялық Еуразиялық университетінің колледжі.

Электрлік мамандығы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орындарды келесі колледждерге бөлінді:

1-ші орында  Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің командасы;

2-ші орында  Павлодар бизнес колледжінің командасы; 

3-ші орында  Павлодар политехникалық колледжінің командасы;.

  

 

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Облыстық энергетиктер олимпиадасының қорытынды есебі