Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
Іс-шаралар 14.05.2013ж.
Жаңалық қосты admin1, 16-05-2013, 11:59, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1581

 Адамгершілік-эстетикалық сапаларды қалыптастыру, отбасының құндылықтарын үгіттеу, әйелдердің тең дәрежеде мемлекеттік және қоғамдық өмірге араласуын көрсету әрі салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында машина жасау колледжінде «Әйел отбасының және мемлекеттің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауындағы сөздерді негізге ала отырып, директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ф.М. Акишева сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар – колледждің студент қыздары, оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар болды. Өз кезегінде сөз алған қонақтар: Павлодар қ. ІІБ аға инспекторы, полиция майоры А.Т. Қасымова әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі полиция бөлімшесі өз қызметін адамның жеке тұлғасының еркінділігі мен конституциялық құқықтарды, заңдылықтарды және жариялылықты сақтау негізінде құрылғандығын айтты. 

 

alt alt
dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: 14.05.2013ж.