"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Іс-шаралар Колледж өмірінен бір апта
Жаңалық қосты admin1, 2-05-2013, 10:48, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1806

Колледж өмірінен бір апта

 

Павлодар машина жасау колледжіндегі жалы білім беру мен қоғамдық пәндер апталығы «Білім – күш, ал қозғалыс – өмір» деген жалпы атаумен 15-19 сәуір аларығында өтті. Бұл іс-шара студенттерді ғылыми жұмыстарға қатыстыру, олардың мүмкіндіктерін ашу мақсатында жыл сайын өткізіледі. Ол оқушылардың жаңа білімдер жинақтауына мүмкіндіктер береді.

 

Бірінші күні физика пәнінің оқытушысы Ғ.М. Сүлейменова 1-ші курс оқушыларының арасында Космонавтар күніне арналған қызықты космостық конференция өткізді.

Әрі қарай эстафетаны математика, информатика және химия пәндерінің оқытушылары жалғастырды. Педагогтар Ж.Т. Жанкаринова, С.С. Калимова және Ж.Т. Кульшманова «Өз ойының» атты интеллектуалдық ойынды дайындады әрі өткізді. Оқушылар сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап беріп отырды. Бірінші курс студенті Ержан Молдағалиев ең білімді студент деп танылды.

Интеллектуалық марафонға жалын мен жарыс рухын дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Қ. Кожиков пен М.К. Сирлибаев ұйымдастырған «Көңілді старттар» сайысы қосты.

Мемлекеттік тілде оқитын топта Қазақстан тарихы пәні бойынша «Миллион кімге бұйырады» атты қызықты викторинаны қоғамдық пәндер оқытушысы С.Т. Барақбаев өткізді. «Электрлік, электрмеханикалық жабдықтары» мамандығы бойынша білім алатын ЭЭЖ 12-9-1 тобының студенті Жотаев Серік тарих білгірі атанды.

Пәндік апталық барысында қызықты, интербелсенді ашық сабақтар өткізілді: фихика пәні бойынша – оқытушы Ғ.М. Сүлейменова, «Адам және қоғам» пәні бойынша (орыс тобына) – Б.Ш. Шушпаева, «Адам және қоғам» пәні бойынша (қазақ тобына) – С.Т. Барақбаев. Педаготар сабақтарға шығармашылықпен дайындалды.

Барлық сабақтар мен іс-шараларда оқушылар мен ұстаздар белсенді әрі қызықты бірлескен жұмыс түрін көрсетті. Апталық қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. 

alt alt alt

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Колледж өмірінен бір апта