Апта дәйексөзі “Әділдік пен жауапкершілік бір тұтас ұғым!”
ГЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖУМЫСЫ Ауаны тазалаудың тиімді әдістері
Жаңалық қосты admin1, 17-04-2014, 11:29, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 1829

КМҚК «Павлодар машина жасау колледжі»
Жобаның Құжаты

Ауаны тазалаудың тиімді әдістері.

Авторлары: Филиппов Владимир Вячеславович, Соколы Евгений Викторович, Екібастұз қ., кірпіш зауыты, 2012ж.
Жетекші: Кульшманова Жаннета Тоқтыбайқызы.

Мақсатты аудитория: біздің облыстың «ГРЭС-1» ААҚ, «ГРЭС-2» ААҚ, «Алюминий Казахстана» АҚ, «Кастинг» АҚ, «Вершина» ЖШС және т.б. нақтылы ұзақ мерзімді пайдалану үшін котел-утилизаторларға тапсырыс берушілер болып табылады. Үнемділік, қарапайымдылық, өз шығынын ақтаушылық басты орында болғандықтан осы кателдарды кез келген ақшаға сатып алуға кәсіпкерлердің қызығушылықтарын арттыруы мүмкін.

Жобаның серіктестері: Екібастұз қ., кірпіш зауыты.

2. Жағдайды талдау: Екібастұз қ. кірпіш зауытында өндірістік үрдіс барысында көп көлемде күкірт қышқылы бөлінгендіктен үлкен көлемде энергия пайда болады. Біз осы энергияны бөлмені жылытуға, ыстық сумен қамтамасыз етуге (ЫСҚЕ) желдетуге (суық ауаны айдауға) пайдалануға немесе басқа да технологиялық қажеттіліктерді жабуға бу өндіру үшін ұсыныс жасаймыз. Күкірт қышқылының тұнбаларын да кірпіш өңдеу үрдісіне қайта қосуға сонымен қатар бұл тұнбаларды жуу құралдарын, дәрілік препараттар өндіруге және жердің ылғалдылығын ұстап қалу үшін топыраққа қосуға да болады.

Жобаның идеясы: жұмыс барысында кейбір технологиялық қондырғылар, атап айтқанда әр түрлі мақсатта пайдаланылатын пештер, газотурбиналық электростанциялар, газ айдаушы қондырғылар көп көлемде газ бөліп шығарады оның температурасы бірнеше жүздеген градусқа жетеді. Бұл үлкен көлемдегі жылу энергиясын ауаға ғана таралып қоймайды, сонымен қатар экологияға да өз зиянын тигізеді. Шығып жатқан газдардың жылуын тиімді пайдалану үшін котел-утилизаторлар ойлап табылды.
Біздің идеямыз негізінен шағын кәсіпорындарға тиімді болмақ. Өйткені бұл кәсіпорындардың кірісі онша үлкен емес және олардың қымбат тұратын жабдықтарды сатып алуға шамсы келмейді.

Жобаның мақсаты мен тапсырмалары: BBSGmbH«УГК-Холдинг» котел-утилизаторларын орнату Павлодар аймағының экологиялық жағдайына оң әсерін тигізеді, өйткені ол ауаға зиянды қалдықтардың таралуын азайтады әрі жыл сайын бізге пайда әкеледі.
Қаржы мәселесі:
Осы жобаны іске қосу үшін-850 мың теңге көлемінде қаржылай жығын кетеді. Қаржы төмендегідей жағдайларға пайдаланылады:

Жазуы

Дебит

Кредит

Баланс

Шығын:

 

 

 

Жабдықтар сатып алу

 

520000 тг.

 

Жеткізу

 

104000 тг.

 

Орнату

 

90000 тг.

 

Қосымша жабдықтар алу

 

136000 тг.

 

Шығындарды үнемдеуден түсетін жоспарлы пайда:

 

 

 

Күкірттің ауаға таралуына төленетін айыппұлды жою

420000 тг.

 

 

Котел-утилизатордан зауытты жылыту өндіріледі

755000 тг.

 

 

Котелдың көмегімен ыстық сумен қамтамасыз ету іске асырылады

648000 тг.

 

 

Барлығы

1823000 тг.

850000 тг.

937000 тг.

Жабдықтарды жеткізіп беру тапсырыс құнынан (20%) есептелінеді. Оған жүктің көлемі мен жеткізу қашықтығы қосылады. Жабдықтарды орнату шығыны жабдықтарды орнатушылардың еңбекақысына жұмсалады. Жинақтаушыларды алу котелдардың өндірістік көрсеткіштерін жақсарту үшін қажет. Котел-утилизаторларға арналған жинақтаушылар: жылытудың радиациялық беті; жылытудың конвективтік беті; экономайзерлер; Жабдықтарды енгізуге дейін зауыт бюджетінен күкірттің ауаға таралуына айыппұл төлеуге, зауытты жылытуға, ЫСҚЕ-ге қаржы бөлінген болатын. Бұл қондырғылардыенгізгеннен кейін қаржы бюджетте қалады және біздің кіріс болып есептелінеді.

Ай сайынғы шығындар сметасы:

Шығындар атауы

Сомма тг.

1

Сорғыға кеткен электроэнергия

85000

2

Амортизация 20% (5 жыл)

14000

3

Утилизатордың құбырын тазалау қызметіне төленетін төлемақы

8000

4

Техникалық жөндеу мен қызмет көрсетуге кететін мүмкін шығындар

10000

 

Барлығы:

117000

 

Қарыз шығындарын қайтару

24000

 

Барлығы:

141000

         Амортизация жабдықтарды 5 жыл бойына пайдалануға есептелінген: 850000/5=170000тг. 170000/12(айлар)=14000тг. пайдалану кезеңінің бойында котел-утилизаторлардың құбырлары (сыртқы) бітеліп қалмас үшін ай сайын оны тазалап отыру керек. Котел-утилизаторларды пайдалану қажеттілігін есепке алатын болсақ, оған кеткен шығындар 3 жылдың ішінде ақталатын болады.

dle
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Ауаны тазалаудың тиімді әдістері