Ғаламтор бұзақыларының құрығына кез келген бала ілігуі мүмкін. Кейбір балалар мектепте тым қатыгездік танытады. Олар өздерінің қылығын ерсі деп санамайды да. Өкінішке қарай, өз замандастарының мазағына айналған балалар әр сыныпта кездеседі. Егер бұрын бұзақылардың әрекеті жеке басқа тиісу, келемеждеумен шектелсе, қазір жағдай әлдеқайда күрделене түсті. Кибербұзақылар өз құрбандарын тек желіде, компьютерде отырып аңдиды деу – қате түсінік. Керісінше, қазір жеткіншектер ұялы телефонның күшін асыра пайдаланады. «Құрбандарын» келемеждеп видеоға түсіру, оны желіге салу, өз араларында тарату белең алды. Әрі қазіргі телефонда қажеттінің бәрі бар, өзі шағын, жасыруға да ыңғайлы.
Өзге замандасынан қорлық көрген бала бұл туралы ешкімге тіс жарғысы келмейді. Тіпті тәрбиелі отбасынан шыққан баланың өзі әке-шешесіне қанша сенім артса да айтқысы келмейді. Ата-анам алдындағы «беделіме» нұқсан келеді, мені әлжуаз деп санайды деп намыс көреді. Әсіресе ересектеу бала өзгенің мазағына айналса, қиын. Ол болған жайды отбасынан жасырып қана қоймай, мінез-құлқына да өзгеріс кіріп, құрдастарымен араласудан қашқақтап, өзімен өзі тұйықтала түседі.
Сонымен, баланың интернет құрбаны болғанын қалай білеміз?
Мазасыздану. Өмірінде қандай да бір жайсыздық болса, ең сабырлы деген баланың өзі мазасызданып, берекесі кетеді. Оны ата-ана байқамауы мүмкін емес. Күйзелу, мектепке барғысы келмеу – баланың өмірінде бір жайсыздық болғанының басты белгісі;
Интернетке жоламай кету. Егер балаңызғаламторды, желіні белсенді пайдаланып жүріп, аяқ астынан жоламай кетсе, онда міндетті түрде себебін анықтаңыз. Әдетте балалар компьютердің алдында уақыт өткізгенді жақсы көреді. Олардың интернетке жоламай кетуі – сирек кездесетін құбылыс. Ал аяқ астынан, ешкім тыйым салмай-ақ, ғаламторды ашпай кетсе, онда бір гәптің болғаны деп ұғыныңыз.
Жаңа хабарлама келген кезде күйгелектену. Бала телефонына келіп жатқан хабарламалардың даусынан мазасызданып, өзін біртүрлі сезінсе, атаанасы оған бей-жай қарамау керек. Хабарламалар балаңыздың көңіл-күйін түсірсе, міндетті түрде оның телефонын тексеріңіз. Бұл әрекет этика ережелеріне қайшы келгеніне қарамастан, әрбір ата-ана баласына не болып жүргенін білуге міндетті.
16 қарашада "Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында машина жасау колледжінде, 1-2 курс топтарында онлайн форматта "Біз өз проблемаларымыз туралы", "Біз зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсымыз"атты сынып сағаттары өтті. Мақсаты-жасөспірімдердің психологиялық, құқықтық хабардарлығын арттыру; балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықтың алдын алу. Сенім телефондарының нөмірлері берілді және ұсыныстар берілді.
Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыру аясында. "Қазақстанның құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты" ҚҚ басшылығымен.
Оқушыларға психологиялық білім беру, суицидтік әрекеттердің алдын алу мақсатында. 2020 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де "Мен өмірді таңдаймын!» флешмобы өткізілді. Оған 1,2,3 курс студенттері қатысты.
23 қыркүйекте колледж студенттері мен кураторлары "СӨС алдын алу негіздері. Темекі шегудің алдын алу" тақырыбында СӨСҚО мамандарымен бірлесіп өткізілді. Орталық мамандары никотиннің адам ағзасына зиянды әсері, адамның темекі шегу процесіне физикалық, психикалық, әлеуметтік тәуелділігі, сондай-ақ денсаулықты сақтау факторлары туралы мәселелерді ашты. Іс – шараның негізгі мақсаты-зиянды әдеттерге теріс қатынасты қалыптастыру, жауапты мінез-құлық дағдылары, темекі шегуден тиімді бас тарту.