|
|
| | РУС |
|
|
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК, Павлодар қ., Мир к-сі, 43 А құрылыс, тел.: 55-45-72, e-mail: pmk-kolledg-kz@mail.kz. сайт: pmk-kolledg.edu.kz
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, математика және физика оқытушысы бос лауазымына конкурс жариялайды. Оқытушының жалақысы 136 267 теңгеден бастап. Лауазымдық міндеттері: - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; - білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; - пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; - журналдарды толтырады (қағаз немесе электрондық); - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-әрекеттік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді; - оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді; - білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді; - арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; - интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; - әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; - ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады; - ата-аналарға кеңес береді; - кәсіби құзыреттілікті арттырады; - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды; - білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; - тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады; - білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді. Біліктілікке қойылатын талаптар: - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; - немесе біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл ; педагог-шебер үшін-5 жыл; - мемлекеттік және орыс тілдерін білетіндер. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.08.2022 – 26.08.2022ж.ж. Әңгімелесу 31 тамызда сағат 10.00-де өтеді. Қажетті құжаттар тізімі: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Жарнама.
|