|
|
| | РУС |
|
|
Хабарландыру Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар машина жасау колледжі» ШЖҚ КМК, Павлодар қ., Мир к-сі, 43 А құрылыс, тел.: 55-45-72, e-mail: pmk-kolledg-kz@mail.kz. сайт: pmk-kolledg.edu.kz Арнайы пәндер оқытушысының (4 ставка) бос лауазымына конкурс жариялайды. Мамандықтар: Машина жасау технологиясы (екі бос орын); Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету; Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; Оқытушының жалақысы 136 267 теңгеден бастап. Лауазымдық міндеттері: - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; - жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді; - оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды қолданады; - білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; - оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; - білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді; - жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; - білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді. Біліктілікке қойылатын талаптар: - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; - немесе біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл ; педагог-шебер үшін-5 жыл; - мемлекеттік және орыс тілдерін білетіндер. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.08.2022 – 26.08.2022ж.ж. Әңгімелесу 31 тамызда сағат 10.00-де өтеді. Қажетті құжаттар тізімі: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Другие новости по теме:
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Комментарии к новости: Жарнама
|