|
Жаңалық қосты admin1, 11-11-2024, 11:13, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 69
|
|
8 қарашада Павлодар қаласында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша - тоғызқұмалақ, асық ату және Бес тас бойынша республикалық турнир өтті. Машина жасау колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Кәрімов Ержан Қайыркешұлы тоғызқұмалақтан жарысқа қатысып, өзінің жас тобында 1-орынға ие болды. Дипломмен және медальмен, сондай-ақ "Спорт жұлдыздары"журналының редакциялық алқасының шешімімен "Үздік дене шынықтыру мұғалімі"төсбелгісімен марапатталған.

