"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 28-02-2023, 15:07, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 42

24 ақпан күні «Электрлі электромеханикалық жабдық (салалар бойынша)»,
«Электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
мамандықтары бойынша «Арнайы пәндер» ЦӘК-і Машина жасау колледжінде 2, 3 курс оқушылары арасында «Ең үздік электрикті» анықтау мақсатында «Мамандығы бойынша үздік» колледжішілік конкурсын өткізді. Оқытушылар практикалық және көп деңгейлі тапсырмалар дайындады. Іс-шараға қатысушылар конкурсқа адал және байыпты қарады, қауіпсіздік ережелерін бұзбай, қойылған барлық тапсырмаларды орындауға тырысты.
Жеңімпаздар: ТОЭ 21-9-1т. Караковский В., Аубакиров А. Жетекшісі Абильбаев М. Б.;
2 орын ЭЭЖ 20-9-1т. оқушылары: Б. Акинов пен А. Серикбаевқа берілді.Жетекшісі Багим А.Н.;
3 орынды: ТОЭ 21-9-2қ. т. Аймұқаш Д., Рахжанов А. иеленді.Жетекшісі Исенов Ж. С.
Байқау тартымды және қызықты өтіп, қатысушылар жақсы әсер алды.

ЦМК «Специальных дисциплин»

ЦМК «Специальных дисциплин»