"Павлодар машина жасау колледжі" ШЖҚ КМК облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында колледж мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді: Машина жасау технологиясы, Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, Құю өндірісі, Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (мемлекеттік тілде оқыту), Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану. Өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында түлектерді тегін оқыту, стипендия және кепілді жұмысқа орналастыру. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай. Байланыс телефондары: 55-44-98, 87087501614 (ватсап).
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Жаңалық қосты admin1, 12-10-2021, 16:00, Түсініктемелер қалдырылды: 0, Қаралғандар: 138

12.10.2021 СӨС орталығының мамандарымен бірлесіп 1-2 курс студенттеріне «Салауатты өмір салты. Мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу» онлайн вебинары ұйымдастырылды. Қазіргі жастардың негізгі проблемасы темекіге, алкогольге және есірткіге тәуелділік сияқты аурулар болып табылады. Денсаулық пен салауатты өмір салтын насихаттауға, қоршаған ортаны сауықтыруға және жаңа ойлауды қалыптастыру және адамдардың өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау арқылы халықтың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.